Кәсіпкерлерге

Кәсіпкерлерге

Жеңілдікті қарыздар беру – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандырудың тиімді тәсілі. Мұндай қарыздар кәсіпкерлік субъектілеріне ӘМАТ тізімінен тауарларды нарықтық бағадан төмен бағамен сатуға көмектеседі. Қарыз ала отырып, сауда желілері жеңілдікті негізде айналым қаражаттарына қол жеткізе алады және өз тарапынан өнімді белгіленген бағамен сату бойынша қатаң міндеттемелер қабылдайды.

Жеңілдетілген қарыз бойынша тауарларды сату 170 сауда нүктесінде жүзеге асырылады.*

*Ақпарат ағымдағы 21.04.2025 ж. өзекті

Қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектісін таңдаумен және ӘМАТ-қа шекті сауда үстемесін айқындау жөніндегі ұсыныстарды қараумен Астана қаласы әкімдігі жанындағы Комиссия айналысады.


Қарыз шарттары:

БК-мен бағаны тұрақтандыруға 0,01% сыйақы мөлшерлемесімен жеңілдікпен кредиттеу 12 айдан аспайтын мерзімге беріледі. Қарыз сомасы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның шешімі негізінде айқындалады.

Қажетті құжаттар

Приложение 1