
Электрондық сауда-саттық www.gosreestr.kz/ электрондық сауда алаңында өтеді. www.e-qazyna.kz
Аукционның барлық мәліметтері бар хабарландыру қоғамның сайтында орналастырылады www.astana-spk.kz, Астана қаласы әкімдігінің және қоғамның әлеуметтік желілерінде.
Аукционға қатысу үшін жеке кәсіпкерлер мынадай құжаттарды ұсынуға міндетті:
1) дара кәсіпкер қызметінің басталғаны туралы хабарлама не дара кәсіпкер ретінде қызметтің жүзеге асырылғанын растайтын тиісті мемлекеттік органдар берген ресми құжаттың көшірмесі;
2) жеке кәсіпкердің жеке куәлігінің көшірмесі;
м
4) кепілдік жарнаның енгізілгенін растайтын төлем құжаты (төлем "Astana" ӘКК" АҚ шотына енгізіледі).
Аукционға қатысу үшін заңды тұлғалар мынадай құжаттарды ұсынуға міндетті:
1) ЭҚЖЖ көрсетілген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама (кәсіпкерлік субъектісі жүзеге асыратын Қызмет түрі жер учаскесінің жобасы мен нысаналы мақсатына сәйкес келуі тиіс);
2) заңды тұлға басшысының жеке куәлігінің көшірмесі;
м
4) кепілдік жарнаның енгізілгенін растайтын төлем құжаты (төлем "Astana" ӘКК" АҚ шотына енгізіледі).
Тікелей келісім жасасуға ниет білдірген кәсіпкерлік субъектілері (жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар) «QalaQyzmet» қалалық қызмет көрсету орталығы арқылы еркін нысанда өтінім беруі және келесі құжаттарды қоса беруі тиіс:
1) дара кәсіпкер ретінде қызметті жүзеге асыруды растайтын құжаттың не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің/анықтаманың көшірмесі;
2) дара кәсіпкердің/ заңды тұлға басшысының жеке куәлігінің көшірмесі/сенімхаттың көшірмесі және сенім білдірілген тұлғаның (сенім білдірілген тұлғаның) жеке куәлігі болған жағдайда;
3) топографиялық түсірілім және сұралып отырған жер учаскесінің кемінде 3 (үш) фотосуреті;