Сұрақ-жауап

Иә, байқауға қатысуға ЖК/ЖШС-мен жеке тұлғалар және заңды тұлғалар жіберіледі.

Иә. Әрбір кәсіпкер байқау тізіміне павильон орнатқысы келетін мекен-жайды қоса алады. Сіздің мекенжайыңызды конкурстық тізімге енгізу үшін iQala Қалалық қызметтер орталығы немесе info@astana-spk.kz / astana_prodgruppa@mail.ru пошталары арқылы өтінім беру қажет. Толығырақ осында.

Жоқ. Қоғам кәсіпкерлерге ШОБ жүргізу үшін қосалқы жалға жер учаскесін береді. Кәсіпкер павильонды салып, оны қалалық коммуникацияларға өз бетінше қосуы тиіс.

ХӘОТ-ға жататын кәсіпкерлер жер учаскесін конкурстан тыс қосалқы жалға алады. Ол үшін оларға «Атамекен» ӨКП комиссиясының шешімін ұсыну қажет. Жыл сайын Нұр-Сұлтанда ХӘОТ үшін 30 жер учаскесі бөлінеді.

Жалға алу құны учаскенің ауданына және сауда нүктесі орналасқан аймаққа байланысты. Жалдау ақысы жылына 4 рет қана алынады. 2023 жылдың төртінші тоқсанынан бастап 1 шаршы метр жер учаскесінің өзекті бағасы:

азаматтардың жекелеген санаттары үшін жылына 1 шаршы метрді жалға алу құны 7 АЕК құрайды.
< br> жылына 1 (бір) шаршы метрге жалдау құны азаматтардың жекелеген санаттарын қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілері үшін 10 (он) АЕК құрайды.

ҚР Жер кодексінің 35 бабына сәйкес жер учаскесі 5 жылға жалға беріледі.

Павильондар қоғамның бекітілген нобайына сәйкес келуі тиіс. Онда павильондарды безендіруге қойылатын бірыңғай талаптар анықталған. Бұл ретте сауда объектісінің ресімделуі жеке сипатта болуы мүмкін. Жеке эскизді «Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ келістіру қажет.