Жобалар

ЕСІЛ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ ӨТЕТІН ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН КӨПІР

Жүзеге асыру кезеңі: 2017-2018 жж

Жүзеге асыру орны: Астана қаласы

Толығырақ

Жобаның мәні:

Жоба астананың 20 жылдығы қарсаңында жүзеге асырылды.

«АСТАНА ҚАЛАСЫНДА АҚПАРАТТЫҚ- НАВИГАЦИЯЛЫҚ НЫСАНДАРДЫ ОРНАЛАСТЫРУ»

Жүзеге асыру кезеңі: 2018 жыл

Жүзеге асыру орны: Астана қаласы

Бүгінгі күнге 5 ақпараттық борд орналастырылды

Толығырақ

Жобаның мәні:

Қаланың сәулеттік келбетін жақсарта келе, қажетті уақытта, қажетті жерде, қажетті ақпаратпен қамтамасыз ете отырып, тұрғындардың қалалық ортада жайлы болуы үшін ең үздік Digitalsignageares құру жолымен Астана қаласында медиабордтар желісін қалыптастыру.

Жобаның мақсаты тиімділігі жоғары интеллектуалды медиа платформа – қала көшелерін толыққанды ақпараттандыратын визуалды медиа тасымалдағыш электронды жүйесімен қамтамасыз ету. Орталықтандырылған интелектуалды басқаруға ие, жаңа мүмкіндіктерге толы біртұтас ақпараттық орта құру.

Ақпараттық-навигациялық нысандардың негізгі қызметі:

-Жол қозғалысына қатысушыларды ақпаратпен қамтамасыз ету, қозғалыс бағытын оңтайландыру мақсатында жедел және қажет ақпаратпен бөлісу;

- Қаланың жаппай ақпараттық қаматамасыз етуіне жағдай жасау;

- Қала қонақтары мен тұрғындарын ақпараттық-танымдық материалдармен қамтамасыз ету;

- Өткен, ескірген ақпарат көздерінен заманауи, тиімділігі жоғары ақпарат тасымалдаушыларға ауысу.

АСТАНА ҚАЛАСЫНДА ЖЫЛЫ АЯЛДАМА ПАВИЛЬОНДАРЫН ОРНАЛАСТЫРУ

Жүзеге асыру кезеңі: 2018 жыл

Жүзеге асыру орны: Астана қаласы

Толығырақ

Жобаның мәні:

Астана қаласында жылы аялдама павильондарын орналастыру» жобасын ӘКК Инвесторлармен бірлесіп жүзеге асырады. Жоба бойынша ӘКК тиесілі жер учаскілерінде инвестордың өз есебінен жылы аялдама павильондарын орналастыру көзделген. Жер телімі Қоғам мен инвестор арасындағы бірлесіп қызмет ету туралы келісімшартқа сәйкес уақытша өтемі бар ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығы негізінде қолданысқа ие болады.

«Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары» ММ-мен эскизді жоба бекітілген, аялдама павильондары осы құжатқа сәйкес жасалады.

Эскизді жобаға сәйкес аялдама павильоны ашық бөліктен, жатық бөліктен және коммерциялық бөліктен тұрады.

Бұл инвестициялық жобаның ерекшелігі аялдамаларды дайындау мен орналастыруға жергілікті бюджеттен қаржы жұмсалмайды.

Бұған қоса Астана қаласының әкімдігі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізеді, қолданыстағы павильондарды қайта монтаждайды, аялдама павильондары орналасатын аумақты абаттандырады.

Бүгінгі күнге:

  • 6 жабық аялдама павильоны орналастырылды;
  • 3 инвестормен 32 аялдама павильондарын орналастыру туралы келісімшарт жасалды;
  • Жалға алу мерзімі – 10 жыл;
  • Жалға алу бағасы – 1 ш.м үшін 3333 теңге.
«Urban Fit» (World Class) эконом класындағы фитнес-орталықтар желісі»

Жобаның бастамашысы: Bar-Club үшінші жартысы ЖШС (World Class еншілес кәсіпорны)

Жобаның құны: 2 414 млн. теңге

Жүзеге асыру мерзімі: 2020-2021 жж

Қуаты: 3 нысан

Орналасқан жері:1) «Есіл» ауданы, Орынбор, Ақмешіт,Түркістан (Бот.Бақ) көшелерінің қиылысының аймағы;
2) «Есіл» ауданы, І. Омаров көшесі (Жағалау ТК);
3) «Сарыарқа» ауданы, 187-көше (65-гимназия)

Толығырақ

Нысанның сипаттамасы: Жобада 3 фитнес-клубтың құрылысы қарастырылған
Құрылыс алаңы – 2136 м2 (1 нысан)
Құрылыс көлемі – 19331 м3 (1 нысан)
Кешеннің ауданы – 1951 м2 (1 нысан)

«ЖАБЫҚ ФУТБОЛ МАНЕЖІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ»

ҚМЖ мерзімі: 6 ай;

Жоба мақсаты – манежі бар шағын футбол алаңдарын орналастырып, футбол алаңдарын жалға беру арқылы тұрғындарға қызмет көрсету.

Толығырақ

Манеж аумағында 2 шағын футбол алаңы және әкімшілік ғимарат (1 душ бөлмесі, 1 киім ауыстыратын бөлме, 1 әкімшілік аумақ) орналасады.

Жастар және 10 жастан жоғары балалар, осы спорт түрімен айналысатын ересектер, сондай-ақ жұмыстан кейінгі уақытта жүйелі түрде әуесқой футболмен айналысатын компания қызметкерлері мақсатты топ болып табылады.

«Renault» автокешені

Жобаның бастамашысы: «Кристал-Авто» ЖШС

Инвестор: «Кристалл-Авто» ЖШС

Жобаның құны: 997 740 000 теңге

Жүзеге асыру кезеңі: 2019-2020 жж

Қуаты: 1730 ш. м.

Жұмыс орындары: 24 адам

Орналасқан жері: Нұр-Сұлтан, Есіл ауданы, Тұран даңғылы.

Толығырақ

Нысанның сипаттамасы:
- «Renault» маркасындағы автокөліктерді сату;
- Қосалқы бөлшектерді сату;
-Автокөліктерге сервистік, кепілдік және кепілдемеден кейінгі қызмет көрсету.

АСТАНА ҚАЛАСЫНДА ЖАНАР МАЙ ҚҰЮ СТАНСАЛАРЫ МЕН ГАЗ ҚҰЮ СТАНСАЛАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

Жүзеге асыру кезеңі: 2017-2018 жж

Жүзеге асыру орны: Астана қаласы

“Astana” ӘКК" АҚ-ның жобадағы қатысу үлесі - 9%

Толығырақ

Жобаның мәні:

Жоба астаналықтар арасында танымал. Жобаны іске асыру шеңберінде берілген жер учаскелерінде кәсіпкерлер гүлдер, көкөністер мен жемістер, фаст-фуд, кофе, балмұздақ, басқа да азық-түлік өнімдерін сатады. Жобада автокөліктерге жанар-жағар майдың барлық дәстүрлі түрлерін, Жобада автокөліктерді жанар-жағар майдың барлық дәстүрлі түрлерімен, сұйытылған мұнай газымен, сондай-ақ электромобильдерді тегін зарядтау көрсетілген.

Бүгінгі күні 3 кешен салынды және жұмыс істейді, сондай-ақ 2018 жылы тағы 2 кешеннің құрылысы жоспарлануда.

АСТАНА ҚАЛАСЫНДА СЫЙЫМДЫЛЫҒЫ 500 ТОННА БОЛАТЫН ЖЕМІС-ЖИДЕК САҚТАУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

Өтініш беруші: «Логистар» ЖШС

Жүзеге асыру мерзімі: 2014 жылдың қараша айының соңы

Жүзеге асыру орны: Астана қаласы

Толығырақ

Жобаның мақсаты: Астана қаласында сыйымдылығы 500 тонна болатын жеміс-жидек сақтау қоймасы бар логистикалық орталық құру, сондай-ақ Астана қаласындағы жеміс-жидек нарығында бағаны тұрақтандыру үшін сату-сатып алу қызметін жүргізу

Жобаның жалпы құны: 252 466 мың теңге.