ХАБАРЛАНДЫРУ халықтың әулеуметтік осал топтарына жататын кәсепкерлік субъектілері арасында квота бойынша көше саудасы объектілерін орналастыру үшін жер телімдеріне қосалқы жалға алу құқығын алуға конкурсаға қатысу үшін (d.mustafina@atameken.kz) электрондық поштасына сэйкес өтінімдерді онлайн-қабылдау басталғаны туралы
EСКЕРТУ: СOVID-19 ауруды жұқтырған адам санының өсуіне байланысты өтінімдер онлайн режимде қабылданады, Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасына келудің қажеті жоқ
Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасы «Көше саудасын жүргізу үшін Нұр-Сұлтан қаласында павильондарды орналастыру туралы» жобасы (бұдан әрі – Жоба) шеңберінде және Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасының регламентіне сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын кәсіпкерлік субъектілері арасында квота негізінде көше саудасы объектілерін орналастыру үшін жер учаскелерін бөлу және жер телімдеріне қосымша жалға алу құқығын алуға конкурсаға қатысу үшін d.mustafina@atameken.kz электрондық поштасына сэйкес өтінімдерді онлайн-қабылдау басталғандығы туралы хабарлайды (бұдан әрі – Регламент).
Өтінімдер 10.06.20 ж. бастап 29.06.20 ж. дейін d.mustafina@atameken.kz электрондық поштасына қабылданады, тел. 8(7172) 91-90-84.
Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасына «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамымен, көше саудасы объектілерін орналастыру үшін жер учаскелерін беру ережесіне сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын кәсіпкерлік субъектілері арасында квота бойынша 9 жер телімдері комиссиялық бөлу құқығы берілді.
Квота бойынша жер телімдерін алуға арналған өтінімге келесі құжаттар қоса беріледі (өтінімнің формасы қоса беріледі):
- жеке кәсіпкерді тіркеу туралы талонның және хабарламаның (куәліктің) көшірмесі;
- өтінім берушінің жеке куәлігінің көшірмесі;
- өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат (қажет болған жағдайда);
- ) жеке кәсіпкердің ағымдағы шотының болуы туралы банктен анықтама;
- өтінім беру сәтінде салық төлемдері бойынша берешегінің жоқтығы туралы анықтама;
- өтінім берушінің халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжат;
- қысқаша сипаттамасы және/немесе тұсаукесері бар қатысушының жобасы.
Өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, қол қойылады, мөрмен куәландырылады (бар болса) және оны өтініш берушілер не олардың уәкілетті өкілдері Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасына ұсынады.
Конкурсқа қатысу үшін тек қана заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі жоқ, сондай-ақ Регламенттің 16-тармағына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын жеке кәсіпкерлер жіберіледі.
Регламент бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарына:
Өтініш берушіге мынадай жағдайларда арызын қанағаттандырудан бас тартылады:
- қажетті құжаттарды ұсынбау немесе регламенттің 9-тармағында көрсетілген дәйексіз және/немесе толық емес мәліметтерді ұсыну;
- Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жер учаскесін қосалқы жалға алуға құқығы жоқ тұлғаның өтінім беруі;
- «Astana» ӘКК қалыптастыратын жосықсыз қатысушылар тізілімінде тұлғаның болуы.
Қатысушы комиссия онлайн отырысы барысында өзінің жобасын таныстырады және оны іске асырудың мақсаттары мен жоспарлары туралы комиссия мүшелеріне хабарлайды. Презентацияны өткізу регламенті 5 (бес) минуттан аспайды.
Конкурс жеңімпазы қосалқы жалға алу шартын жасау үшін 2 (екі) жұмыс күні ішінде Нұр-сұлтан Кәсіпкерлер палатасына 50 АЕК мөлшерінде кепілдік жарнаның енгізілгенін растайтын төлем құжатын ұсынуы тиіс.
Жеңімпаз қосалқы жалдау шартын жасасудан бас тартқан жағдайда қосалқы жалдау шартын жасасу құқығы екінші жеңімпазға ауысады.
https://astana-spk.kz/ru/nasha-deyatelnost/ulichnaya-torgovlya/pravila-zemelnyix-uchastkov
Жер телімдерінің тізімі:
№ п/п |
Жер учаскесінің орналасқан жері |
Жер учаскесінің нысаналы мақсаты |
Ауданы, га |
1. |
Бейбітшілік көшесі, № 31 үй ауданы |
Техникалық қызмет көрсету сервисінің стационарлық емес объектісін орналастыру С (НО) -0803 |
0,0021 |
2. |
Шалкөде көшесі, № 1 үй ауданы
|
Тұрмыстық қызмет көрсету сервисінің стационарлық емес объектісін орналастыру А (НО)-0808 |
0,0016 |
3. |
Шалкөде көшесі, № 1 үй ауданы
|
Стационарлық емес сату объектісін орналастыру (көкөністер, жемістер) А (НО)-0807 |
0,0016 |
4. |
Абылайхан көшесі, № 36 үй ауданы
|
Стационарлық емес сату объектісін орналастыру (көкөністер, жемістер) А (НО)-0806 |
0,0012 |
5. |
Қ. Әзірбаев көшесі, № 8 үй ауданы
|
Стационарлық емес сату объектісін орналастыру (көкөністер, жемістер) А (НО)-0823 |
0,0012 |
6. |
Алтынемел көшесі, № 6 үй ауданы
|
Стационарлық емес сату объектісін орналастыру (көкөністер, жемістер) А (НО)-0772 |
0,0009 |
7. |
Ақжол көшесі, № 22 Б үй ауданы |
Азық-түлікті (нан-тоқаш, сүт, шұжық өнімдері) сатудың стационарлық емес объектісін орналастыру Б (НО) - 0757 |
0,0012 |
8. |
Қобланды батыр көшесі, № 7Л үй ауданы |
Стационарлық емес сату объектісін орналастыру (көкөністер, жемістер) А (НО)-0766 |
0,0009 |
9. |
Ж.Досмұхамедұлы көшесі, № 6 үй ауданы |
Стационарлық емес сату объектісін орналастыру (көкөністер, жемістер) А (НО)-0758 |
0,0015 |