Енді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары әкімдік басқармаларының қызметтері мен коммуналдық және муниципалдық қызмет туралы, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту институттары жөнінде өздерін толғандырған сауалдарды мамандарға әлеуметтік желілерде де қоя алады, деп хабарлайды Елорда Инфо.
Фронт-кеңсенің ресми парақшалары Instagram желімінде – @iqala_smartcity, ал Facebook желісінде iQalа қалалық қызмет орталығы (Центр городских услуг iQalа) деп тіркелген.
iQalа мамандары айтқандай, барлығы азаматтарға жайлы болуы үшін жасалып жатыр.
«Фронт-кеңсенің басты жаңалықтары тек БАҚ-та ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік желілерінде де жарияланып тұрады. Парақшалар сіздермен кері байланыс жасау үшін құрылды, құрметті елорда тұрғындары мен кәсіпкерлер! Біз сіздердің идеяларыңыз бен ұсыныстарыңызды жүзеге асыруға дайынбыз. Біздің фронт-кеңсенің міндеті мен мақсаты – елорда ұйымдары жұмысының сапасын көтеру, қызмет алу процесін қысқарту, тұтынушыларға қатысты барлық процесстің ашықтығын қамтамасыз ету», – делінген iQalа-ның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында.
Қошқарбаев даңғылы, 29 мекенжайында орналасқан iQalа қалалық қызмет көрсету орталығы фрон-кеңсесінің есігі әр келушіге жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін ашық екенін естеріңізге саламыз.
Елорда тұрғындары iQalа қалалық қызмет көрсету орталығының жұмысына қатысты кез келген сұрақ бойынша 109 бірыңғай байланыс орталығына немесе 8 (7172) 27 23 10 нөміріне хабарласа алады.