Хабарландырулар

Отандық тауар өндірішулердің назарына

«Қарапайым заттар экономикасы» салаларын дамыту шеңберінде, сондай-ақ отандық тауар өндірушілердің сауда инфрақұрылымына қолжетімділігін арттыру мақсатында «Astana» ӘКК» АҚ отандық тауар өндірушілерді https://v3bl.goszakup.gov.kz/ порталында «Astana» ӘКК» АҚ қажеттіліктеріне арналған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға белсенді қатысуға шақырады.

Айта кету керек, «Astana» ӘКК» АҚ 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» ҚР Заңына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығымен бекітілген, Ұлттық әл-ауқат қорын және Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.

Сондай-ақ «Astana» ӘКК» АҚ отандық тауар өндірушілерді Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына және ҚР Қаржы министрлігінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес, «Astana» ӘКК» АҚ-ның еншілес ұйымдарының тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін мемлекеттік сатып алуға белсенді қатысуға шақырады.

Барлық сұрақтар бойынша келесі байланыс телефондарына хабарласуға болады:

«Astana» ӘКК» АҚ сатып алу басқармасы

Главный менеджер Даурбаев Азамат Бердалыевич, т. 8/7172/ 55 29 55 вн. 2012