Жыл бойғы ауылшаруашылық жәрмеңкесі 21 қаңтардан бастап өз жұмысын қайта бастайды. Жәрмеңкеде жергілікті тауарлар, сондай-ақ көрші облыстардың ауыл шаруашылық өнімдері ұсынылған. Мұндағы бағалар нарықпен салыстырғанда 10-20%-ға төмен.
Естеріңізге сала кетейік, жәрмеңкеге қатысуға қызығушылық танытқан кәсіпкерлерге 8 7172 61 35 54 нөмірі бойынша хабарласу қажет.
Жәрмеңкенің мекен-жайы: "Пригородный" тұрғын алабы, Арнасай көшесі, 109.
Жұмыс уақыты: әр күн сайын 10:00-ден 19:00-ге дейін.