Тұрақ орындарына арналған жер учаскелері "Астана" ӘКК" АҚ өз меншігіндегі және сенімгерлік басқарудағы коммуналдық мүлікті жалға беру қағидаларына сәйкес, жер учаскелерін жалға алу үшін өтінім қабылдау басталғанын хабарлайды.
Бағаны көтеру әдісімен өткізілетін тендер арқылы жалға берілетін жер учаскелерінің тізімі мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында www.gosreestr.kz жарияланған. Сонымен қатар, тізімді осы жерден де көруге болады.
Жалға берілетін жер учаскелерінің мақсаты – тұрақ (автотұрақ). Жалға беру мерзімі – 5 жыл.
Тендерге қатысу үшін өтінімдер 2025 жылғы 28 наурыз сағат 08:00-ден 2025 жылғы 16 сәуір сағат 08:00-ге дейін мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында қабылданады. Тендер 2025 жылғы 16 сәуірде сағат 10:00-де өтеді.
Электрондық сауда-саттықты өткізу регламентімен мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында танысуға болады.
"Астана" ӘКК" АҚ-ның байланыс деректері Телефон: 8(7172) 55-25-05, +7 (702) 244 33 75; Мекенжай: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 9-үй, 2-қабат, 241-кабинет; Электрондық пошта: info@astana-spk.kz
Электрондық порталдың техникалық қолдауы Телефон: 55-29-81 (ішкі: 110, 112, 119); Жұмыс уақыты: 09:00 – 18:30
Ескерту: сауда-саттықтың мәні – ай сайынғы жалға алу төлемінің мөлшерін анықтау. Кепілдік жарна ай сайынғы жалдау төлемдеріне есепке алынады.