ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН СУБАРЕНДАҒА БЕРУ: ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТЕНДЕР ЖАРИЯЛАУ

ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН СУБАРЕНДАҒА БЕРУ: ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТЕНДЕР ЖАРИЯЛАУ

"Astana" ӘКК" АҚ жер учаскелерін субарендаға беру бойынша электрондық тендерге қатысуға шақырады. Жер учаскелері келесі аудандарда орналасқан: Байқоңыр, Сарыарқа және Алматы. Олардың тізімі мен нақты орналасқан жері мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында және мына сілтеме бойынша табуға болады.

Назар аударыңыз! Байқоңыр ауданындағы жер учаскесі бойынша электрондық аукцион 2025 жылғы 28 наурызда сағат 10:00-де өтеді. Өтінімдер веб-портал арқылы 2025 жылғы 12 наурыз сағат 08:00-ден 2025 жылғы 28 наурыз сағат 08:00-ге дейін қабылданады.

Алматы және Сарыарқа аудандарындағы жер учаскелері бойынша электрондық аукцион 2025 жылғы 28 наурызда сағат 11:00-де өтеді. Қатысуға өтінімдерді 2025 жылғы 12 наурыз сағат 08:00-ден 2025 жылғы 28 наурыз сағат 09:00-ге дейін беруге болады.

Мүлікті сату бойынша электрондық тендер өткізу регламентімен мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында танысуға болады.

Электрондық тендер өткізуге және өтінімдерді беруге қатысты сұрақтар бойынша «Astana» ӘКК» АҚ-ның байланыс деректері: тел:8(7172) 55-25-45, мекенжайы: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 9 үй, 2 қабат, 231 офис.Электрондық порталды техникалық қолдау мәселелері (Сайтта тіркелу, құжаттарды жүктеу, кепілдік жарна және т. б.): 55-29-81 (ішкі110, 112, 119), жұмыс уақыты: сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.

Posted in Жаңалықтар on Mar 13, 2025