Жеңіс үшін баз кешкен аталарымызға тағзым

Жеңіс үшін баз кешкен аталарымызға тағзым

ҚАСЫМБАЕВ ТҰРСЫНҚҰЛ НАРБАЙҰЛЫ "Astana" ӘКК" АҚ басқарма төрағасы Баймұқаш Бауржан Серікұлының атасы.

Ол Ресейде, Латвияда, Польшада соғысып, жауынгерлік борышын Германияда аяқтап, 150-атқыштар дивизиясы, 79-атқыштар полк, 3-шоққы армия жауынгерлері құрамында Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен.

1946 жылы оралып, 1998 жылға дейін өмір сүрді. Әскери қызметі үшін II дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, Даңқ ордендерімен, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған. Мәңгілік естелік!

2_20240509_113309_0001.png

АБРАИМОВ ЧАКЕРБЕК АҚАТАЙҰЛЫ "Astana" ӘКК" АҚ Тәуекел менеджері Гүлмира Қабидолданованың атасы.

Ұлы Отан соғысының ардагері.

1925 жылы қаңтарда Семей облысы Ақсуат ауданында туған.

1941 жылы үлкен ағасы майданға аттанып, Ленинград түбінде қаза тапты.

1942 жылы атам да әскер қатарына шақырылды. Қиыр Шығыста әскери борышын өтеп, Жапон соғысына қатысып, жараланған. Көптеген марапаттары бар. 1997 жылы қайтыс болды

4_20240509_113309_0003.png

НҰРГЕЛДІҰЛЫ ҚАБДОЛА "Astana" ӘКК" АҚ Көше саудасы департаменті директоры орынбасары Лаура Акмоллинаның атасы.

Артиллерист, 1905-1973 ж.ж., 7 мамырда қайтыс болды.

1905 ж Қарқаралыда, Абралы қыстағында, Семей облысында дүниеге келген.

1942 ж наурызда Белоруссияда, Гомель қаласын қорғағанда жарақат алды. Оны досы, украин тумасы ұрыс алаңынан шығарып, госпитальға дейін жеткізді. Соғыс кезінде дәрігер болған. Иман жарығын берсін.

3_20240509_113309_0002.png

НҰРГЕЛДІҰЛЫ ҚҰСПАН "Astana" ӘКК" АҚ Көше саудасы департаменті директоры орынбасары Лаура Акмоллина атасының туған інісі.

Артиллерист, 1917-1985 ж.ж.

1917 ж Қарқаралыда, Абралы қыстағында, Семей облысында дүниеге келген.

1939 ж Алматыда Медицина институтын бітірді. ҰОС әскери дәрігер, хирург болды.

Жапония жариялаған соғыста сарбаздарды емдеді. Иман байлығын берсін!

1_20240509_113246_0000.png

ЖЕТПІСОВ ОРАЗГҰЛ ЖЕТПІСҰЛЫ "Astana" ӘКК" АҚ баспасөз хатшысы Гүлнара Жетпісованың атасы.

21-гвардиялық танк Житомир Қызыл Ту орденді Суворов және Кутузов бригадасы, соғыс және еңбек ардагері.

Ол өте қарапайым және әділ, діндар адам еді. Мәңгілік естелік!

5_20240509_113309_0004.png

Бақытты ғұмырымыз үшін баз кешкен аталарымызға мың алғыс!

Posted in Жаңалықтар on May 09, 2024