Құрметті кәсіпкерлер!
Қалыптасқан тұрақсыз жағдайда біз өзіміздің серіктестерімізге – шағын, орта бизнес пен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдеріне қолдау көрсеткіміз келеді.
Бізден тұрғын емес үй-жайларды жалға алып отырған коммерциялық емес ұйымдар мен кәсіпкерлерге, сондай – ақ «Нұр-Сұлтан қаласында сауда павильондарын орналастыру туралы» (1000 орын - Көше саудасы) бағдарламасы бойынша жер учаскелерін жалға алатын кәсіпкерлерге жалдау ақысын есептеуді 5 қаңтардан бастап төтенше жағдай режимі аяқталғанға дейін тоқтата тұру туралы шешім қабылдадық. Осы кезеңде жалдау ақысын төлемегені үшін өсімпұл есептеу де тоқтатылады.
Біз жағдайдың тез арада тұрақтанатынына және бейбіт өмірге қайта оралатынымызға сенімдіміз. Біз сіздермен біргеміз.
Құрметпен, «Astana» ӘКК» АҚ
#КүшімізБірлікте