ЖАЛҒА БЕРІЛЕТІН НЫСАНДАР САУДА-САТТЫҚҚА ҚОЙЫЛДЫ

ЖАЛҒА БЕРІЛЕТІН НЫСАНДАР САУДА-САТТЫҚҚА ҚОЙЫЛДЫ

Қоғам сенімгерлік басқарудағы өзінің және коммуналдық меншіктегі мүлікті жалға беру туралы «СПК «Astana» АҚ Директорлар кеңесімен бекітілген Ережелерге сәйкес, тұрғын емес үй-жайларды жалға алу үшін өтініштер қабылданатынын хабарлайды. Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында бағаны көтеру әдісімен тендер арқылы берілетін тұрғын емес үй-жайлардың тізімімен мына жерден танысуға болады.

Хабарлаймыз, жалға берілетін тұрғын емес үй-жайлардың мақсатты тағайындалуы – коммерциялық қызметті жүзеге асыру. Барлық коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды жалға алушы көтереді. Тұрғын емес үй-жайды жалға беру мерзімі – 5 жыл.

Тендерге қатысуға өтініштер мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr веб-порталында 2025 жылғы 28 тамыз сағат 08:00-ден бастап 2025 жылғы 17 қыркүйек сағат 08:00-ге дейін қабылданады. Тендер 2025 жылғы 17 қыркүйекте сағат 10:00-де өтеді.

СПК «Astana» АҚ-ның конкурс өткізу және өтініштерді қабылдау мәселелері бойынша байланыс деректері: Телефон: 8(7172) 55-25-05, 8-702-244-33-75. Мекенжай: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 9-үй, 2-қабат, 241-кабинет. Электрондық пошта: info@astana-spk.kz.

Posted in Жаңалықтар on Aug 28, 2025