ЖАЛҒА АЛУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

ЖАЛҒА АЛУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

Бұған дейін COVID-19 коронавирустық инфекция пандемиясына байланысты күрделі жағдайға тап болған коммерциялық емес ұйымдарды қолдау мақсатында «Astana» ӘКК» АҚ төтенше жағдай режимі мен карантиндік шектеулер кезеңінде 2020 жылғы 20 наурыздан 19 маусымға дейін жалдау төлемдерін есептеуді тоқтата тұру жөнінде шаралар қабылдады.

Бүгінгі күні елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын ескере отырып, өз қызметін әлеуметтік жобалар шеңберінде жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымдар, қосымша қолдау шаралары ретінде, жасалған тұрғын емес үй-жайларды жалға алу шарттары бойынша 2020 жылғы 20 маусымнан 19 қыркүйекке дейін ұзақтығы үш айға 50% жеңілдік ала алады.

Барлық сұрақтар бойынша байланыс нөмірлері: 23-59-64, +7-702-245-00-88, эл.пошта info@astana-spk.kz.

Posted in Жаңалықтар on Jun 20, 2020