Нұр-Сұлтан қаласында «Astana» ӘКК» АҚ-ның қолдауымен қыш бұйымдар шеберханасы үшін екінші әлеуметтік-инклюзивтік коворкинг-орталығы ашылды. Орталықтың мақсаты – ерекше балаларға өз-өзіне деген сенімділікті қалыптастыруды, көпшіл болуға баулуды және саздан ерекше бұйымдар жасауды үйрету.
Қыш ісі бойынша сабақтың ерекшелігі – ұсақ моториканы дамытады, шыдамдылық пен төзімділікті арттырады, қимыл-қозғалыс координациясын жақсартады.
Шеберханада бір қыш шеңбері мен бұйымдарды күйдіруге арналған пеш орнатылған, сондай-ақ сабаққа қажетті барлық заттар бар.
Орталықтың ашылуында саздан түрлі бұйымдарды мүсіндеу мен өңдеу бойынша байқау сабағы өтті. Барлық қатысушылар қыш ісі туралы көп мәлімет алды, баға жетпес тәжірибе жинақтады.