2022 жылдың 1 мамырынан бастап iQala қалалық қызметтер орталығының www.iqala.kz порталы барлық пайдаланушылар үшін қол жетімді болмайды. Порталдың жұмысын техникалық тоқтата тұру Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қаулысы мен хаттамалық тапсырмасына сәйкес жобаны "Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы" ММ-ге беруге байланысты.
Көрсетілген қызметтердің нәтижелерін сақтау үшін орталық клиенттеріне 30 сәуірге дейін жеке кабинеттеріндегі мәліметтерді (шарттар, актілер, техникалық шарттар және т.б.) жүктеп алу және/немесе сақтау ұсынылады.
Орталықтың клиенттері көрсетілген қызмет нәтижесінің екінші данасын қызметті беруші коммуналдық мекемеден тікелей ала алатынын қосымша хабарлаймыз.
1 мамырдан кейін тұрғын үй-коммуналдық сектор ұйымдарының қызметтерін алуға байланысты барлық мәселелер бойынша "Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы" ММ-ге хабарласуыңызды сұраймыз.
Фронт-офис жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін штаттық режимде жұмысын жалғастыратынын атап өтеміз. Мекен-жайы: Р.Қошқарбаев 29/1.