V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: жамбы атудан жарыстар басталды

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: жамбы атудан жарыстар басталды

8 қыркүйекте V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында жамбы атудан қызықты жарыстар басталды. Бұл дәстүрлі спорт түрі, онда қатысушылар ат үстінде садақпен нысана көздейді. Жарыстар төрт күн бойы "Қазанат" ипподромының жанындағы этноауылда өтті.

Дизайн без названия (1).jpg

Қатысушылар венгр стилінде жарысты, ал алдағы күндері азиялық, түрік және қазақ стилдерінде жарысады.

Дизайн без названия (3).jpg

Жарыстың бірінші күні Франциядан келген Рафаэль Малет жеңімпаз атанды, екінші орынды Моңғолиядан Алтанхуяг Нергүй алды, ал үшінші орынды тағы бір Франция өкілі Гаэтан Блот иеленді. Қазақстандық Абзал Түлібеков үздік бестікке кірді, ал қалған спортшыларымыз ТОП-10-ға енді.

Дизайн без названия (4).jpg

Бүгін спортшылар азиялық стильде жарысады, ал алда түрік және қазақ стиліндегі жамбы ату жарыстары бар. Қазақстан құрамасының атынан Айтбек Сарыбай, Ерәлхан Айкөз, Батыр Бексауыт және Абзал Түлібеков өнер көрсетеді.

Posted in Жаңалықтар on Sep 09, 2024