«Astana» ӘКК» АҚ Алматы қаласының Самал-2 шағын ауданында орналасқан тұрғын емес үй-жайларды Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы www.gosreestr.kz арқылы сату үшін өтінімдер қабылдаудың басталғанын хабарлайды.
Нысандар:
Орналасқан жері: Самал-2 шағын ауданы, №33А үй.
Ауданы: 242,4-тен 267,4 шаршы метрге дейін.
Сипаттамасы: бірінші қабат, қарапайым әрлеу.
Бастапқы бағасы: 171 384 640 теңгеден бастап.
Аукцион мерзімі мен шарттары:
Өтінімдерді қабылдау: 2024 жылғы 21 қараша сағат 08:00-ден бастап 10 желтоқсан сағат 08:00-ге дейін.
Аукцион күні: 2024 жылғы 10 желтоқсан сағат 11:00-де.
Екінші аукцион: активтерді 2 жылға дейін бөліп төлеу мүмкіндігі бар, бастапқы жарна актив құнының кемінде 50%-ын құрауы тиіс.
Қалай қатысуға болады: Аукционға қатысу және өтінім беру үшін Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында www.gosreestr.kz тіркелу қажет. Сауда-саттықты өткізу регламентімен мына жерде танысуға болады.
Байланыс ақпараты:
Телефон: 8 (7172) 55 25 05, 8-702-244-33-75.
Мекенжайы: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 9-үй, 2-қабат, 704-кабинет.
Электрондық пошта: info@astana-spk.kz.
Алматының беделді ауданынан коммерциялық жылжымайтын мүлік сатып алуға асығыңыз!