«Astana» ӘКК» АҚ ШОБ жүргізу үшін тұрғын емес үй-жайларға тендер жариялайды. Тендер мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталы арқылы бағаны көтеру әдісімен өтеді. Жалдау мерзімі-5 жыл. Тендерге шығарылған тұрғын емес үй-жайлар туралы ақпарат төмендегі суреттерде көрсетілген.
Тендерге қатысуға өтінімдер www.gosreestr.kz веб-порталында 09.12.2021 жылғы сағат 08:00-ге дейін қабылданады. Тендер 9 желтоқсанда сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін өтеді.
Сауда-саттық регламентімен https://e-auction.gosreestr.kz/p/ru/auction-infos/ea-reglament/Files/%D0%9F%D1%80%D0%B0%D0%B2%D0%B8%D0%BB%D0%B0-%D0%A1%D0%9F%D0%9A.htm сайтында танысуға болады.
Жеке кәсіпкерлер тендерге/конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынуға міндетті:
1) жеке кәсіпкердің тіркелгенін растайтын құжат;
2) жеке кәсіпкердің жеке куәлігінің көшірмесі;
3) жеке кәсіпкердің есеп айырысу шотының болуы туралы банктің анықтамасы;;
4) өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат (қажет болған жағдайда);
5) кепілдік жарнаның енгізілгенін растайтын төлем құжаты.
Тендерге / конкурсқа қатысу үшін заңды тұлғалар мынадай құжаттарды ұсынуға міндетті:
1) заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
2) бірінші басшыны тағайындау туралы шешімнің (хаттаманың) көшірмесі;
3) заңды тұлғаның бірінші басшысына арналған бұйрықтың көшірмесі;
4) өкілдің жеке басын және өкілеттіктерін куәландыратын құжат (қажет болған жағдайда);
5) заңды тұлғаның есеп айырысу шотының болуы туралы банктің анықтамасы;;
6) кепілдік жарнаның енгізілгенін растайтын төлем құжаты.
Тұрғын емес үй-жайларды аралау 2021 жылғы 7 желтоқсанда сағат 10:00-ден басталады деп жоспарлануда. Жиналу орны: А.Мәмбетов көшесі, 24.
Тұрғын емес үй-жайларға қатысты барлық мәселелер бойынша 61 35 54 нөміріне қоңырау шалыңыз.