Тұрғын емес үй-жайларды жалға алу үшін өтінімдерді қабылдау басталды - 20 қарашаға дейін

Тұрғын емес үй-жайларды жалға алу үшін өтінімдерді қабылдау басталды - 20 қарашаға дейін

«Astana» ӘКК» АҚ тұрғын емес үй-жайларды жалға алу үшін өтінімдерді Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы (www.gosreestr.kz) арқылы қабылдау басталғанын хабарлайды. Бағаны көтеру бойынша тендер арқылы ұсынылатын коммерциялық ғимараттар Астана қаласында орналасқан және жөндеу жұмыстарына жеңілдік кезеңдері қарастырылған. Өтінімдер 2024 жылғы 31 қазаннан 20 қарашаға дейін қабылданады, ал тендер 20 қарашада сағат 10:00-де өтеді. Конкурсты өткізу, өтінімдерді қабылдау бойынша сұрақтар қоюға арналған «Astana» ӘКК» АҚ-ның байланыс ақпараты: тел: 8(7172) 55 25 05, 8-702-244-33-75; мекенжайы: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 9 үй, 2 қабат, 704 каб. электронды мекенжайы: info@astana-spk.kz. Электронды порталдың техникалық қолдауы: 55-29-81 (ішкі 110, 112, 119), жұмыс уақыты: сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін. 2024 жылдың 13 қарашада сағат 10.00-дан бастап Бейбітшілік көшесі, 9-үй мекенжайы бойынша жоғарыда көрсетілген үй-жайларды аралау жүзеге асырылатын болады. Аралап көру Қоғамның шағын автобусымен жүзеге асырылады.

Назар аударыңыз!!! Мәміленің мәні ай сайынғы жалдау ақысының мөлшерін анықтау болып табылады. Кепілдік жарнаның сомасы ай сайын есептеледі.

Posted in Жаңалықтар on Oct 31, 2024