"Аstana" ӘКК" АҚ өз меншігіндегі және сенімгерлік басқарудағы коммуналдық мүлікті жалға беру қағидаларына сәйкес, тұрғын емес үй-жайларды жалға алу үшін өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлайды.
Ағылшын әдісі бойынша аукцион арқылы жалға берілетін тұрғын емес үй-жайлардың тізімімен және толық ақпаратпен осы жерден танысуға болады.
Жобаларға қатысуға өтінімдер 2025 жылғы 29 сәуір сағат 08:30-дан 22 мамыр сағат 18:00-ге дейін e-Otinish платформасы арқылы қабылданады.
Тұрғын емес үй-жайлардың мақсатты қолданылуы – коммерциялық қызметті жүзеге асыру. Жалға беру мерзімі – 5 жыл. Жалға алу шартының жобасы осы хабарландыруға 2-қосымша ретінде тіркелген.
Әлеуетті қатысушы «Astana» ӘКК» АҚ-ға келесі құжаттарды бірінші басшы қол қойған, қосымша 1 нысаны бойынша өтініммен бірге жолдауы тиіс:
Заңды тұлға үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің (анықтаманың) көшірмесі; жеке тұлға үшін – кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы құжат көшірмесі, жеке куәлік көшірмесі, заңды тұлғаның бірінші басшысына қатысты бұйрық пен жеке куәлік көшірмесі, заңды тұлғаның жарғысының көшірмесі.
Өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (қажет болған жағдайда).
Кепілдік жарнаның төленгенін растайтын банктің белгісі қойылған төлем құжаты.
Банктен ағымдағы шоттың бар екенін растайтын анықтама.
Өтінімдер тек шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен ғана қабылданады.