"Аstana" ӘКК" АҚ пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайларды бағаны көтеру әдісімен электрондық аукцион арқылы сату үшін өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлайды.
Объектілердің толық тізімі және олардың сипаттамаларымен «Тұрғын емес үй-жайларды басқару» бөлімі және әрі қарай «Бос үй-жайлар бойынша конкурстар туралы хабарландырулар» бөлімінде танысуға болады. Бұл ақпаратты осы жерден де табуға болады.
Аукцион тізіміне енгізілген 5 тұрғын емес үй-жай 70 пәтер (қарапайым әрлеуде). Тұрғын емес үй-жайлардың бастапқы бағасы – 68 534 149 теңгеден басталады. Пәтерлердің бастапқы бағасы – 22 484 419 теңгеден басталады
Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2025 жылғы 28 сәуір сағат 08:00-ден 2025 жылғы 14 мамыр сағат 08:00-ге дейін. Өтінім беру орны www.gosreestr.kz
Аукцион өткізу уақыты: 14 мамыр 2025 жыл, сағат 10:00. Аукцион шарты: 100% алдын ала төлем, бағаны көтеру әдісімен.
"Astana" ӘКК" АҚ-ның конкурс өткізу және өтінімдер қабылдау мәселелері бойынша байланыс деректері: Телефон: 8(7172) 55-25-05, 8-702-244-33-75, Мекенжай: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 9-үй, 2-қабат, 241-кабинет, Электрондық пошта: info@astana-spk.kz.
Ескерту: 2025 жылғы 8 мамыр күні сағат 10:00-де, Бейбітшілік көшесі, 9-үй мекенжайында аукционға қойылған пәтерлер мен үй-жайларға аралау ұйымдастырылады.