Нұр-Сұлтан қаласының тұрақтандыру қоры өлшемелі қанттың бағасын тұрақтандыру үшін бірқатар кәсіпкерлермен келісім-шарт жасасты. 2021-2022 жылдар аралығында 4500 тонна қанттың бағасын тұрақтандыруға қаражат бөлінді.
Оның ішінде:
• «Magnum» 1500 т - 470 тг;
• «Мир круп» 1000 т - 320 тг;
• «Мир круп» 2000 т - 480 тг.
Аталған көлемнен қазір 1249 тонна қалды. Берілген қарыздар бойынша «Magnum» желілерінде 04.22-ден 09.22-ге дейін қанттың бағасы 470 теңге болады. «Мир круп» 05.22-ден 30.23 аралығында «Астықжан», «Анвар», «Вкусмарт», «Қазақстан» желілерінде 480 теңге көлемінде қант бағасын тұрақтандырады.
Бағаны тұрақтандыруға жеңілдікті қарыздар берілген дүкендерде өлшемелі қантпен қатар басқа бірнеше сауда маркалары ұсынылуы мүмкін. ҚР Үкіметі бекіткен ӘМАТ тізіміне сәйкес баға өлшемелі қантқа ғана «ұсталады».