Нұр-Сұлтан қаласының тұрақтандыру қоры мен «Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ елорданың 4 көкөніс қоймасын аралады. Бүгінде елордада 10 көкөніс қоймасы бар. Олардың 7-і жұмыс істейді, 3-і құрылыс сатысында.
«Шапағат коммуналдық базары» ЖШС көкөніс қоймасына картоп, қызылша, сәбіз және қырыққабат салынған. Қойма сыйымдылығы - 5000 тонна.
«Taimas Trade House» ЖШС көкөніс сақтау қоймасында жемістер мен көкөністер сақталады. Қоймаға 7200 тонна өнім сияды.
«Көкөніс қоймасы» ЖШС қоймасы 100% толтырылған. Мұнда азық-түлік өнімдері мен теңіз өнімдері салынған.
«Круглищук» ЖК көкөніс қоймасы картоп тұқымын сақтайды. Қойма көлемі-500 тонна.