Тұрақ орындарын Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы (www.gosreestr.kz) арқылы сату мақсатында өтініштерді қабылдау басталды

Тұрақ орындарын Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы (www.gosreestr.kz) арқылы сату мақсатында өтініштерді қабылдау басталды

«Astana» ӘКК» АҚ тұрғын үй кешендерінде орналасқан тұрақ орындарын Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы (www.gosreestr.kz) арқылы сату мақсатында өтініштерді қабылдау басталғанын хабарлайды. Тұрақ орындары Астана қаласының әртүрлі аудандарында, соның ішінде Айтматов, Нәжімеденов, Серікбаев, Омаров көшелерінде орналасқан.

Өтініштер 2024 жылдың 1 қазанынан 22 қазанына дейін сағат 08:00-ге дейін қабылданады.

Аукцион 2024 жылдың 22 қазанында сағат 10:00-де өтеді.

Толық ақпарат пен бастапқы бағалар веб-порталда қолжетімді: www.gosreestr.kz.

Байланыс ақпараты: тел. 8(7172) 55 25 05, 8-702-244-33-75, электрондық пошта: info@astana-spk.kz.

Posted in Жаңалықтар on Oct 01, 2024