Өтінімдер 16 сәуірге дейін қабылданады
"Астана" ӘКК" АҚ тұрақ орындарын бағаны көтеру әдісімен электрондық аукцион арқылы сатуға өтінім қабылдау басталғанын хабарлайды.
Сатылымға шығарылған тұрақ орындарының тізімі мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында (www.gosreestr.kz) жарияланған. Осы жерден қарай аласыз.
Өтінімдер 2025 жылғы 27 наурыз сағат 08:00-ден 2025 жылғы 16 сәуір сағат 08:00-ге дейін қабылданады. Аукцион 2025 жылғы 16 сәуірде сағат 10:00-де өтеді.
"Астана" ӘКК" АҚ-ның байланыс деректері Телефон: 8(7172) 24-53-31, 8-702-244-33-75; Мекенжай: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 9-үй, 2-қабат, 704-кабинет; Электрондық пошта: info@astana-spk.kz
Электрондық порталдың техникалық қолдауы елефон: 55-29-81 (ішкі: 110, 112, 119), жұмыс уақыты: 09:00 – 18:30.
Үшінші аукцион активтерді 5 жылға дейін бөліп төлеу шартымен өткізіледі. Бастапқы жарна актив құнының кемінде 30%-ын құрауы тиіс. Жеңімпаз ең жоғары бастапқы жарнаны ұсынған қатысушы болады.