«Astana» ӘКК» АҚ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселелері бойынша кәсіпкерлерді ынтымақтастыққа шақырады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) – белсенді және салауатты өмір салтын сақтау үшін қажетті бірінші кезектегі тауарлар.
Қазіргі таңда ӘМАТ тізбесі 19 өнім атауынан тұрады.
«Astana» ӘКК әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында «айналым тетігі» бойынша жеңілдетілген қарыз береді. Мұндай кредиттердің сыйақы мөлшерлемесі – 0,01%. Бұл – елдегі ең төменгі кредиттік пайыз көрсеткіші. ӘМАТ бағасын тұрақтандыруға арналған жеңілдетілген несиелер 0,01% мөлшерлемемен 12 айдан аспайтын мерзімге беріледі. Қарыз сомасы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссия шешімі негізінде айқындалады.
Жеңілдетілген қарызды ірі бизнес өкілдері де, шағын және орта бизнес өкілдері де ала алады.
Кеңес алу үшін телефон: 8 (7172) 55 25 07