«SHYNGYS» ТҮРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІНДЕГІ ЕКІ БӨЛМЕЛІ ПӘТЕРЛЕР: АУКЦИОН 17 ШІЛДЕДЕ ӨТЕДІ

«SHYNGYS» ТҮРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІНДЕГІ ЕКІ БӨЛМЕЛІ ПӘТЕРЛЕР: АУКЦИОН 17 ШІЛДЕДЕ ӨТЕДІ

«СПК «Astana» АҚ екі пәтерді сату бойынша электрондық аукционға қатысу үшін өтініштер қабылданып жатқанын хабарлайды. Пәтерлер Нұра ауданындағы «Shyngys» тұрғын үй кешенінде, Е429 көшесі, 6-үй мекенжайында орналасқан. Бастапқы баға – 25 286 877 теңгеден басталады. Екі пәтер де екі бөлмелі және қара күйінде ұсынылады.

Аукционға қатысу үшін өтініштер мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында (www.gosreestr.kz) 2025 жылғы 1 шілде күні сағат 08:00-ден бастап, 17 шілде күні сағат 08:00-ге дейін қабылданады. Аукцион 2025 жылғы 17 шілде күні сағат 10:00-де өтеді.

Еске саламыз, бұл осы ұсыныс шеңберіндегі үшінші кезең болып табылады. Аукцион активтерді бастапқы жарнаны төлегеннен кейін қалған сомаға 5 жылға дейін бөліп төлеу шартымен, кейінге қалдырылған төлемдерге дисконттау әдісін (NPV) қолдана отырып, бағаны көтеру сауда тәсілімен өткізіледі. Бұл ретте бастапқы жарна мөлшері актив құнының кемінде 60%-ын құрауы тиіс. Жеңімпаз – бастапқы жарнаның ең жоғары сомасын ұсынған қатысушы деп танылады.

Корпорацияға конкурс өткізу және өтініш беру мәселелері бойынша хабарласу үшін байланыс деректері:

Телефон: 8(7172) 55-25-05, 8-702-244-33-75. Мекенжай: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 9-үй, 2-қабат, 241-кабинет. Электрондық пошта: info@astana-spk.kz.

Posted in Жаңалықтар on Jul 05, 2025