«SHYNGYS» ТК-ДЕГІ ЕКІ БӨЛМЕЛІ ПӘТЕРЛЕР АУКЦИОННЫҢ ҮШІНШІ КЕЗЕҢІНЕ ШЫҒАРЫЛДЫ – ТИІМДІ ШАРТПЕН САТЫП АЛЫҢЫЗ

«SHYNGYS» ТК-ДЕГІ ЕКІ БӨЛМЕЛІ ПӘТЕРЛЕР АУКЦИОННЫҢ ҮШІНШІ КЕЗЕҢІНЕ ШЫҒАРЫЛДЫ – ТИІМДІ ШАРТПЕН САТЫП АЛЫҢЫЗ

«Astana» ӘКК» АҚ екі пәтерді электрондық аукцион арқылы сату бойынша өтінімдерді қабылдау туралы хабарлайды. Пәтерлер Нура ауданы, Е429 көшесі, 6-үй мекенжайындағы «Shyngys» тұрғын үй кешенінде орналасқан. Бастапқы бағасы – 25 286 877 теңгеден басталады. Екі пәтер де екі бөлмелі және қарапайым (черновой) әрлеуде ұсынылған.

Аукционға қатысу үшін өтінімдер мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында www.gosreestr 2025 жылғы 21 шілде сағат 08:00-ден бастап 2025 жылғы 6 тамыз сағат 08:00-ге дейін қабылданады. Аукцион 2025 жылғы 6 тамызда сағат 10:00-де өтеді.

Бұл аукцион – үшінші кезең болып табылады және ол бағаны көтеру әдісімен өткізіледі. Активтерді 5 жылға дейінгі мерзімге бөліп төлеу шартымен сатып алуға болады. Бұл ретте кейінге қалдырылған төлемдерге дисконттау әдісі (NPV) қолданылады. Бастапқы жарна мөлшері актив құнының кемінде 60%-ын құрауы тиіс. Ең жоғары баға ұсынған қатысушы жеңімпаз деп танылады.

«Astana» ӘКК» АҚ КОНКУРС ТУРАЛЫ СҰРАҚТАР МЕН ӨТІНІМ БЕРУ БОЙЫНША БАЙЛАНЫС

Телефон: 8(7172) 55-25-05, 8-702-244-33-75. Мекенжай: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 9-үй, 2-қабат, 241-кабинет. Электрондық пошта: info@astana-spk.kz.

Posted in Жаңалықтар on Jul 21, 2025