ҮШІНШІ КЕЗЕҢ АУКЦИОНЫНА НҰРА АУДАНЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯҒА АРНАЛҒАН НЫСАНДАР ШЫҒАРЫЛДЫ

ҮШІНШІ КЕЗЕҢ АУКЦИОНЫНА НҰРА АУДАНЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯҒА АРНАЛҒАН НЫСАНДАР ШЫҒАРЫЛДЫ

Тұрғын емес үй-жайлар келесі мекенжайларда орналасқан: Ш.Айтматов көшесі, 33-үй және И.Омаров көшесі, 19/1-үй. Бастапқы құны: 110 364 317 және 80 097 898 теңге. Нысандардың сипаттамасымен толығырақ мына жерде танысуға болады.

Аукционға қатысуға өтінімдер мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr веб-порталында 26.08.2025 жылғы сағат 08:00-ден бастап 16.09.2025 жылғы сағат 08:00-ге дейін қабылданады. Аукцион 16.09.2025 жылы сағат 10:00-де өтеді.

Айта кетейік, үшінші аукцион бастапқы жарна енгізілгеннен кейін қалған сомаға 5 (бес) жылға дейінгі бөліп төлеу шартымен және кейінге қалдырылған төлемдерге дисконттау әдісін (NPV) қолдана отырып, бағаны көтеру әдісімен өткізіледі. Бұл ретте бастапқы жарнаның мөлшері актив құнының кемінде 60% (алпыс пайызы) болуы тиіс. Жеңімпаз болып активтің ең жоғары бағасын ұсынған қатысушы танылады.

«СПК «Astana» АҚ-ның конкурс өткізу және өтінімдер беру мәселелері бойынша байланыс деректері:

Телефон: 8(7172) 55-25-05, 8-702-244-33-75. Мекенжай: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 9-үй, 2-қабат, 241-кабинет. Электрондық пошта: info@astana-spk.kz.

Posted in Жаңалықтар on Aug 26, 2025