Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін өндірістік мақсаттағы жалдау алаңдары туралы

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін өндірістік мақсаттағы жалдау алаңдары туралы

"Astana" ӘКК" АҚ Астана қаласының аумағында мынадай мекенжайлар бойынша шағын өнеркәсіп аймақтарын салу бойынша жобалар іске асырылып жатқанын хабарлайды:

  • Алматы ауданы, А187 көшесі, 7-учаске, Индустриалды парк;
  • Байқоңыр ауданы, А. Пушкин көшесі, 80-учаске (ЖЭО-2 ауданы).

Жалға берілетін өндірістік үй-жайлардың жалпы ауданы 12 555,28 шаршы метрді құрайды. Қазіргі уақытта "Astana" ӘКК" АҚ шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері арасында өндірістік үй-жайларды жеңілдікті құны бойынша жалға алу қажеттілігін зерттеп жатыр.
Алдын ала өтінімдерді "Astana" ӘКК" АҚ электрондық мекенжайына жіберуге болады: info@astana-spk.kz.

Posted in Жаңалықтар on Oct 30, 2024