«Astana» ӘКК» АҚ-да шағын өнеркәсіптік аймақтар жобасы аясында жаңа өндірістік ғимараттарды салуға қызығушылық танытқан инвесторлармен кездесу өтті.
Шағын өнеркәсіптік аймақтар дегеніміз не?
Бұл шағын және орта кәсіпкерлікті (ШОК) қолдау үшін арнайы салынған өндірістік және басқа да ғимараттар.
Жобаның негізгі мақсаттары:
- Жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін инфрақұрылым құру.
- Бәсекеге қабілетті өнеркәсіптік өндірістерді қалыптастыру.
- Жергілікті халықтың жұмыспен қамтылуын және табысын арттыру.
- ШОК үлесін арттыру арқылы экономиканы тұрақтандыру.
- Салық базасын ұлғайту.
Неге тиімді?
Жоба дайын өндірістік ғимараттарды салу үшін жеңілдетілген несие беруді қарастырады. Бұл нысандар тек шағын және орта бизнеске арналған.
Жоба қайда жүзеге асырылады?
Ғимараттар елдің барлық өңірлерінде салынып, әр аймақта кәсіпкерлікті дамытуға тең мүмкіндіктер жасалады.
Жаңалықтарды қадағалаңыз және бизнесіңіз үшін жаңа мүмкіндіктер туралы біліңіз!