ҮШ НЫСАН КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЖАЛҒА БЕРІЛЕДІ, БАСТЫ ЛОТ – АРЕНДАЛЫҚ ҚҰНЫ

ҮШ НЫСАН КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЖАЛҒА БЕРІЛЕДІ, БАСТЫ ЛОТ – АРЕНДАЛЫҚ ҚҰНЫ

««Астана» ӘКК» АҚ Директорлар кеңесі бекіткен, сенімгерлік басқарудағы өзінің және коммуналдық меншіктегі мүлікті жалға беру қағидаларына сәйкес, коммерциялық мақсаттағы 3 нысан бойынша өтінім қабылданатынын хабарлайды. Нысандардың тізімімен және сипаттамаларымен мына жерден танысуға болады.

Маңызды! Жалға берілетін нысандардың мақсатты қолданылуы – коммерциялық қызметті жүзеге асыру. Саудадағы негізгі шарт – ай сайынғы жалдау ақысының мөлшерін анықтау. Кепілдік жарна ай сайынғы жалдау төлемдеріне есепке алынады. Барлық коммуналдық қызмет шығындары жалға алушының есебінен жүргізіледі. Нысандар 5 жыл мерзімге жалға беріледі.

Өтінімдер мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында 2025 жылғы 25 тамыз күні сағат 08:00-ден бастап 2025 жылғы 12 қыркүйек күні сағат 08:00-ге дейін қабылданады. Тендер 2025 жылғы 12 қыркүйек күні сағат 10:00-де өтеді.

«Астана» ӘКК» АҚ конкурсты өткізу және өтінімдерді қабылдау мәселелері бойынша байланыс деректері: Телефон: 8(7172) 55-25-05, 8-702-244-33-75. Мекенжай: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 9-үй, 2-қабат, 241-кабинет. Электронды пошта: info@astana-spk.kz.

Posted in Жаңалықтар on Aug 25, 2025