24 ақпанда Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында "Astana" ӘКК" АҚ қызметкерлері арасында волейболдан жарыс өтті.

Спорттық іс-шараның мақсаты - қызметкерлердің дене шынықтыруын күшейту, командалық өзара іс-қимыл дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

Спортшылар жарысқа деген қызығушылығын, допты қағу машығын, жеңіске деген ерік-жігерін көрсетті.

Айтулы жарыстың қорытындысы бойынша орындар келесідей болды:
І орын - Көше саудасы департаменті
ІІ орын - Тұрғын емес үй-жайларды басқару департаменті
ІІІ орын - Азық-түлік қауіпсіздігі департаменті

Волейбол жүлдегерлеріне ауыспалы кубок, естелік медальдар және құттықтау дипломдары табыс етілді.