2024 жылғы 13 ақпанда Сарыарқа ауданында заңсыз орнатылған павильондарға қатысты көшпелі кеңес өтті. "Сарыарқа" ауданы әкімі аппаратының, "Astana" ӘКК" АҚ, Жер ресурстарын басқару департаментінің, "АЭҮК" АҚ өкілдері бірқатар сауда объектілерін орнатудың заңдылығын тексерді.
Жеміс-көкөніс павильондары орналасқан жерде дүңгіршектердің заңсыз орнатылғаны, рұқсат құжаттары жоқ екені анықталды. Нысанды тексергеннен кейін сауда павильондарының иелерімен ерікті түрде бөлшектеуді жүзеге асыру үшін түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кәсіпкерлер үшін Анықтама!
"1000 орын - көше саудасы" жобасы шеңберінде заңды қызметті жүзеге асыру үшін "Astana" ӘКК" АҚ-дан жер учаскесін және рұқсат құжаттарын алу қажет. Жер алғаннан кейін келісім одан әрі ұзарту мүмкіндігімен 5 жылға жасалады.
"1000 орын - көше саудасы" жобасы бойынша байланыс ақпараты: 8 7172 55 25 09, 8 7172 23 59 62, 8 7172 67 20 37. Пошта: info@astana-spk.kz