«Балабақша салу» инвестициялық жобасын іске асыру мақсатында, «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы Басқармасының 2026 жылғы 5 ақпандағы №7 хаттамасымен бекітілген Инвестициялық жобаларды қарау және іске асыру қағидаларына сәйкес және Жарғының 21-бабының 21.2-тармағының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып, мына мекенжайда орналасқан жер учаскесіне қатысты конкурс жарияланды: Астана қаласы, Сарайшық ауданы, А10 және Ә. Тыныбаев көшелерінің қиылысы маңында.
Кадастрлық нөмірі – 21-342-083-1118, ауданы – 0,4187 га.
Жер пайдалану мерзімі 2031 жылғы 13 мамырға дейін, нысаналы мақсаты — балабақша салу үшін.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі 2026 жылғы 16 қыркүйектен 25 қыркүйекке дейін (қоса алғанда), ұзақтығы 10 (он) күнтізбелік күн.
Конкурсқа қатысу үшін өтініш берушілерге мемлекеттік және орыс тілдеріндегі келесі қосымшалар қолжетімді:
• өтініш;
• жоба бастамашысының сауалнамасы;
• бизнес-жобаға сараптама жүргізу үшін жоба бастамашысы ұсынатын құжаттардың тізбесі.
Орналасу схемасы осында.
Қосымша ақпарат осында, маңызды тұстары төменде көрсетілген.
Жеңімпазды анықтау критерийлері:
Өтінімдерді қарау кезінде «Балабақша салу» инвестициялық жобасын (бұдан әрі – Жоба) қаржыландырудың құжатпен расталған ең жоғары көлемін ұсынған қатысушыға басымдық беріледі. Қаржы қаражатының бар екенін растайтын мынадай құжаттар ұсынылуы тиіс: • қызмет көрсетуші банктің есеп айырысу шотында ақшалай қаражаттың бар екені (қалдығы) туралы анықтамасы; және/немесе • балабақша құрылысына қаржыландыру берілгенін растайтын банк құжаты. Көрсетілген құжаттардың қолданылу мерзімі өтінім берілген күннен бастап конкурс аяқталатын күнге дейінгі кезеңді қоса алғанда, кемінде 10 күнтізбелік күнді құрауы тиіс. Ұсынылған шарттар мен расталған қаржыландыру көлемі тең болған жағдайда, Қоғамның атына тиісті өтінімді бірінші болып берген Әлеуетті инвесторға басымдық беріледі.
Инвестордың міндеттемелері:
• Жер учаскесін тек нысаналы мақсаты бойынша пайдалану және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес балабақша салу Жобасын іске асыру.
• Жер учаскесі Инвесторға берілген күннен бастап 6 (алты) ай ішінде жобалау-сметалық құжаттаманы (бұдан әрі – ЖСҚ) әзірлеу және сараптаманың оң қорытындысын алу.
• ЖСҚ бойынша сараптаманың оң қорытындысы алынған күннен бастап 18 (он сегіз) ай ішінде Объектінің құрылысын жүргізу, оны қабылдау және пайдалануға беру.
• Объектіні пайдалануға беру актісіне қол қойылғаннан кейін жыл сайын «Astana» ӘКК» АҚ-ға таза пайданың 9%-ы мөлшеріндегі үлесті не Консорциумның бизнес-жоспарына (бизнес-моделіне) және бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес Қоғам үлесінің орташа шамасы негізінде айқындалатын жыл сайынғы ең төменгі тіркелген төлемді төлеу.
• Шартқа қол қойылған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде жер учаскесін сатып алуға және ресімдеуге байланысты шығындарды, оның ішінде бюджетке төленетін міндетті төлемдерді өтеу (5 513 303,73 теңге).
Барлық туындаған сұрақтар бойынша мына телефон нөміріне хабарласуға болады: 8 (7172) 23-53-35.