Санитарлық тазалау бойынша астаналық арнайы техника және жабдықтар паркі 124 бірлікке толығады

Санитарлық тазалау бойынша астаналық арнайы техника және жабдықтар паркі 124 бірлікке толығады

«Astana» ӘКК» АҚ және «БРК Лизинг» АҚ Нұр-Сұлтан қаласын санитарлық тазалауға арналған арнайы техника мен жабдықтар сатып алуға қаржы лизингі шартын жасасты. Жалпы саны – 124 бірлік, оның ішінде:
15 ГС автогрейдерлері
15 «Амкадор-37» әмбебап тиеу машиналары
15 қар жинағыш шөміштер
20 JCB көпфункционалды шағын жүк тиегіш
10 роторлы қар тазалағыштар
2 Massey Ferguson тракторы
3 Impulse BSC 560 мұз және қар жарғышы

1 тайғаққа қарсы сұйық материалды дайындау бойынша қондырғы және басқа жабдық.
Сатып алынған техниканың басым бөлігі кез келген санаттағы жолдарды қыс мезгілінде қамтуға, оның ішінде жол төсемдерін қардан тазарту және ылғалдандырылған немесе құрғақ қоспалармен өңдеуге арналған.

Жаңа техника қаланың коммуналдық қызметтерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуіне және елорда көшелеріндегі қарды тазалау, көктайғақтың алдын алу және жою жұмыстарының сапасына әсер етеді деп күтілуде.

Posted in Жаңалықтар on Jan 20, 2020