Құрметті кәсіпкерлер!
Соңғы уақытта алаяқтық жағдайлары жиілеп кеткеніне байланысты, «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы сіздерден бөгде адамдарға қатысты барынша сақ болуды сұрайды. Келіп түскен ақпарат пен өзін біздің қызметкер ретінде таныстырған азаматтардың жеке басын мұқият тексерулеріңізді өтінеміз. Күмән туындаған жағдайда, қызметкердің мәртебесін төмендегі нөмірлер арқылы нақтылай аласыздар: +7 (747) 907 07 01 және +7 (708) 020 88 42.
Алаяқтар қалай әрекет етеді? Олар өздерін «СПК Astana» АҚ, әкімдік және басқа да ұйым өкілдері ретінде таныстырады. Құжаттарды рәсімдеу, өтінім беру, тұрғын емес үй-жайларды алу бойынша қызметтер ұсынған болып көрінеді. Сондай-ақ, өздеріне тиесілі емес жер телімдерін және басқа да нысандарды бөгде сайттар арқылы сатуға тырысады.
Естеріңізге саламыз, барлық қызметтер тек ресми арналар арқылы ғана көрсетіледі.
Көшедегі сауда бойынша сұрақтар: 55-25-45;
Жылжымайтын мүлікті сату/жалдау: 55-25-05;
Азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері: 55-25-07;
ШОБ дамыту мәселелері: 23-53-35;
Электронды пошта: info@astana-spk.kz.
Актуалды жаңалықтар мен хабарландырулар қоғамның ресми сайтында жарияланады. astana-spk.kz Сонымен қатар әлеуметтік желілерде: Instagram – @astana_akk. Facebook – СПК «Astana».
Жақын арада ұсыныстар мен шағымдар үшін WhatsApp желісі іске қосылады.
«СПК Astana» АҚ-ның ресми өкілдерімен байланыста болыңыз, күмәнді ұсыныстардан сақтаныңыз! Кез келген күмәнді жағдай немесе тұлғалар туралы бізге жоғарыда көрсетілген нөмірлерге хабарласыңыз.