«Astana» ӘКК» АҚ барлық құрылысшыларды кәсіби мерекелері – Құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтайды!
Сіздердің еңбектеріңіз еліміздің ілгерілеуі мен өркендеуінің негізі болып табылады. Сіздердің шеберліктеріңіз бен адал еңбектеріңіздің арқасында біздің қаламызда жаңа үйлер, жолдар мен инфрақұрылым нысандары пайда болып, олардың барлығы заманауи қаланың ажырамас бөлігіне айналуда. Сіздердің жұмыстарыңыз мейрам мен демалыс күндеріне қарамастан жалғасады, себебі сіздердің жауапты міндеттеріңіз – адамдардың жайлы және қауіпсіз өмір сүруіне жағдай жасау.
Сіздердің еңбектеріңіз бен еліміздің дамуына қосқан үлестеріңіз үшін әрқайсысыңызға шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Сіздерге мықты денсаулық, отбасылық амандық және жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз. Әрбір жобаңыз сәтті аяқталып, жұмыстарыңыздан қуаныш пен қанағат алуларыңызды тілейміз!