«Astana» ӘКК» АҚ соңғы кездері өздерін «Astana» ӘКК» АҚ қызметкерлері ретінде таныстыратын үшінші тұлғалардың сауда нысандарын тексеру фактілері жиілеп кеткенін ескертеді.
Мониторинг жүргізу кезінде «Astana» ӘКК» АҚ қызметкерлері құрылымдық бөлімшесі, лауазымы, аты-жөні көрсетілген, жарамды күні мен «Astana» ӘКК» АҚ мөрі бар төсбелгіні көрсететініне назар аударамыз.
Осыған байланысты, алаяқтық белгілері бар фактілер анықталған жағдайда, info@astana-spk.kz мекенжайы бойынша немесе +7 (7172) 67 20 37, «Astana» ӘКК» АҚ ішкі қауіпсіздік мәселелері жөніндегі маман: +7 (7172) 55 20 85 телефондары арқылы хабарлауыңызды сұраймыз.
Сонымен қатар, қосалқы жалға алушының шарт талаптарын сақтауына мониторингті «Astana» ӘКК» АҚ келесі қызметкерлерінің арасынан мониторингтік топ жүргізетінін хабарлаймыз:
Мониторинг тобының жетекшісі:
- Көше саудасы департаменті директорының орынбасары Акмоллина Лаура Сатыбалдықызы;
Мониторинг тобының мүшелері:
- Ішкі қауіпсіздік мәселелері жөніндегі маман Дайрабаев Берік Шайзадаұлы;
- Көше саудасы департаментінің бас менеджері Төребаев Нұржан Серікжанұлы;
- Көше саудасы департаментінің бас менеджері Оспанов Азамат Әлібайұлы;
- Көше саудасы департаментінің бас менеджері Аппасова Әсем Тілеуқабылқызы;
- Көше саудасы департаментінің менеджері Меллятханов Ерназ Советханұлы;
- Көше саудасы департаментінің бас менеджері Базар Айсауле Мұқаметқалиқызы.