ПӘТЕРЛЕРДІ «ОРМАН ПАРК» ТК-ДЕН ҮЙДЕН ШЫҚПАЙ-АҚ САТЫП АЛУҒА БОЛАДЫ

ПӘТЕРЛЕРДІ «ОРМАН ПАРК» ТК-ДЕН ҮЙДЕН ШЫҚПАЙ-АҚ САТЫП АЛУҒА БОЛАДЫ

«Astana» ӘКК» АҚ мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында (www.gosreestr.kz ) бағаны көтеру әдісімен электрондық аукционға қойылған пәтерлерді сату бойынша өтінімдерді қабылдау туралы хабарлайды. Барлық 15 лот мына мекенжайда орналасқан: Есіл ауданы, Е761 көше, №4/3 үй, «Орман Парк» тұрғын үй кешені.

Бастапқы баға – 22 459 391 теңгеден бастап. Ауданы – 80 шаршы метрден бастап. Барлығы қарапайым әрлеуде ұсынылған.

Аукционға қатысуға өтінімдер 21.08.2025 жылғы сағат 08:00-ге дейін қабылданады. Аукцион 11.09.2025 жылы сағат 10:00-де өтеді.

Айта кетейік, үшінші аукцион бағаны көтеру әдісімен, бастапқы жарна енгізілгеннен кейін қалған сомаға 5 жылға дейін бөліп төлеу шартымен, кейінге қалдырылған төлемдерге дисконттау әдісін (NPV) қолдана отырып өткізіледі. Бұл ретте бастапқы жарнаның мөлшері актив құнының кемінде 60%-ын құрауы тиіс. Жеңімпаз болып активтің ең жоғары құнын ұсынған қатысушы танылады.

«Astana» ӘКК» АҚ-тың конкурс өткізу және өтінім беру мәселелері бойынша байланыс деректері: Телефон: 8(7172) 55-25-05, 8-702-244-33-75; Мекенжай: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 9-үй, 2-қабат, 241-кабинет; Электрондық пошта: info@astana-spk.kz

Posted in Жаңалықтар on Aug 21, 2025