2025 жылғы 1 шілде күні онлайн-аукцион өтеді. Аталған аукцион аясында сіз «DELTA» тұрғын үй кешенінен пәтер мен автотұрақ орнын тиімді шарттармен сатып ала аласыз.
Маңызды:
Бір лот – пәтер мен автотұрақ орнынан тұрады. Мұндай ұсыныстың бастапқы бағасы – 28 163 556 теңгеден.
«DELTA» тұрғын үй кешені елорданың сол жағалауындағы қарқынды дамып жатқан Нұра ауданында орналасқан. Кешеннің маңында мектептер, балабақшалар, медицина және сауда орталықтары орналасқан. Барлық жағдай сіздің жайлы және ыңғайлы өміріңіз үшін жасалған.
Қатысу үшін өтінім тапсыру мерзімі: 2025 жылғы 1 шілде, сағат 08:00-ге дейін
Аукцион өткізу уақыты: сол күні, сағат 10:00-де
Пәтерлер мен тұрақ орындарының сипаттамасымен https://astana-spk.kz сайтында «Жылжымайтын мүлікті сату/жалдау» → «Бос орындарға арналған конкурстар туралы хабарландырулар» бөлімінен танысуға болады.
Байланыс үшін: Телефон: 8 (7172) 55-25-05, 8-702-244-33-75. Мекенжай: Астана қ., Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 9-үй, 2-қабат, 241-кабинет. Email: info@astana-spk.kz.
Назар аударыңыз! 2025 жылғы 25 маусымда сағат 10:00-де Бейбітшілік көшесі, 9-үй мекенжайы бойынша көрсетілген үй-жайлар мен пәтерлерді аралау ұйымдастырылады.