Онлайн аукционға «Inju City», «Absolute» және «Айсафи» тұрғын үй кешендерінде орналасқан автотұрақ орындары шығарылды. Лоттардың толық тізімімен, олардың сипаттамалары және бастапқы бағаларымен мына жерден танысуға болады.
Аукционға қатысуға өтінімдер мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr веб-порталында 2025 жылғы 08 тамыз сағат 08:00-ден бастап 2025 жылғы 27 тамыз сағат 08:00-ге дейін қабылданады. Аукцион 2025 жылғы 27 тамызда сағат 10:00-де 100% төлем жағдайында бағаны көтеру әдісімен өтеді.
Байқауды өткізу және өтінімдерді беру мәселелері бойынша «SPK «Astana» АҚ-ның байланыс деректері
Телефон: 8(7172) 55-25-05, 8-702-244-33-75; мекенжайы: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 9-үй, 2-қабат, 241-кабинет электрондық пошта: info@astana-spk.kz.