«PARK ORMAN» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІНЕН ПӘТЕРДІ ТИІМДІ ШАРТТАРМЕН САТЫП АЛЫҢЫЗ!

«PARK ORMAN» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІНЕН ПӘТЕРДІ ТИІМДІ ШАРТТАРМЕН САТЫП АЛЫҢЫЗ!

«Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ «Park Orman» тұрғын үй кешенінен 16 пәтерді сату бойынша өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлайды. Кешен маңында мектептер мен балабақшалар, дүкендер, мейрамханалар және сауда орталықтары орналасқан. Кең және қауіпсіз саябақ аймақтары кешен тұрғындарына белсенді өмір салтын ұстануға және таза ауада демалуға мүмкіндік береді.

Аукционға қатысуға өтінімдер: www.gosreestr веб-порталында. 2025 жылғы 16 мамыр сағат 08:00-ден бастап, 3 маусым сағат 08:00-ге дейін қабылданады. Аукцион өткізу күні: 3 маусым 2025 жыл, сағат 10:00-де.

Пәтерлердің бастапқы бағасы – 22 484 419 теңгеден басталады. Барлық пәтерлер қарапайым әрлеуде (черновая отделка) ұсынылған.

Лоттардың толық сипаттамасын сайттағы «Тұрғын емес үй-жайларды басқару» - «Бос үй-жайлар бойынша конкурстар туралы хабарландырулар» бөлімінен көруге болады. Немесе қазір бірден келесі нөмірлерге хабарласыңыз: 8 (7172) 55-25-05, 8-702-244-33-75

Назар аударыңыз! Бұл екінші аукцион, активтерді ай сайынғы төлеммен 2 жылға дейін бөліп төлеу шартымен сатып алуға мүмкіндік береді. Бастапқы жарна мөлшері актив құнының кемінде 50% болуы тиіс. Жеңімпаз – ең жоғары бастапқы жарна ұсынған қатысушы.

Posted in Жаңалықтар on May 19, 2025