Home Жаңалықтар Жылыту маусымы алдында тұрғын емес үй жайларды жалға алушыларға жадынама
Жылыту маусымы алдында тұрғын емес үй жайларды жалға алушыларға жадынама

Жылыту маусымы алдында тұрғын емес үй жайларды жалға алушыларға жадынама

Құрметті "Astana "ӘКК" АҚ тұрғын емес үй-жайларды жалға алушылар! Алдағы жылыту маусымы басталуына байланысты Сізден екпіндер мен аварияларды болдырмау үшін төменде көрсетілген техникалық талаптарды сақтауды сұрайды.


Жылу энергиясын пайдалану ережелерінің 33т. және Нур-Султан қаласының жылу маусымын дайындық жүргізу және өткізу Ережелерінің 12, 13т. негізінде Сіздің орталық жылумен жабдықтау іске қосылған жылу желілеріңіздің және жылу пайдаланатын жүйелеріңіздің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін Сізге жылыту мерзіміне дейін төменде көрсетілген іс-шараларды жүргізу қажет.

Жылу энергиясын пайдалану ережелерінің 33т. және Нур-Султан қаласының жылу маусымын дайындық жүргізу және өткізу Ережелерінің 12, 13т. негізінде Сіздің орталық жылумен жабдықтау іске қосылған жылу желілеріңіздің және жылу пайдаланатын жүйелеріңіздің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін Сізге жылыту мерзіміне дейін төмендегі іс-шараларды жүргізу қажет:

  1. Жазғы кезеңде жылыту жүйесі желі суымен толтырылып, үнемі қысымда болуы тиіс. Жазғы кезеңде қысым айырымының реттеуіші 0,03МПа (3 с.бағ.м.) қысым айырымына келтірілуі тиіс Нур-Султан қаласының жылу маусымын дайындық жүргізу және өткізу Ережелерінің 25т. сәйкес.
  2. Қағидаттық сызбанұсқаға сәйкес жылу пункті қысым және температура бойынша өлшеу нүктелерімен (Мем.тексерудің таңбасы, пломбасы немесе жапсырғышы бар тексерілген манометрлермен, термометрлермен) жиынтықталсын.
  3. Жылыту жүйесінің ішкі контурын 1, 25 жұмыс қысымымен гидравликалық сынау жүргізілсін. Жылу пункті, оның ішінде жылытудың ішкі жүйесінің тіреуіштері жетіспейтін бекітуіш реттеуші арматурамен жиынтықталсын (жылу пунктінің кірмесінде болатты ысырмалар немесе дәнекерленген шарлы крандар орнатылсын). Барлық бекітуші арматуралар (ысырмалар, шұралар, крандар), сондай-ақ толығымен тазартатын лай сүзгіштер мен сүзгілер МЕМСТ-ке, оларды дайындаудың техникалық талаптарына сәйкес орындалсын. Төсем (ернемекті жалғасудың тығыздығышы) ретінде тек қана паронитті төсемдер ғана қолданылсын. Жылу желісінің барлық электр техникалық жабдықтарының жерлестіруі, соның ішінде сорғылар, электр жетектері және ЖЕЖ Жылу түіндерін жобалау ҚР ҚЕ 4.02-108-2014 талаптарына сәйкес орындалсын.
  4. «Астана-Теплотранзит» АҚ өкілінің қатысуымен жүргізілсін:

    а) беруші және қайтарушы құбырлары мен орамішілік желілерінің 1, 25 жұмыс қысымымен, бірақ 1,6 Мпа-дан кем емес гидравликалық сынау (тұтынушының теңгерімне жататын жылу желілерді).

    б) ЫСЖ, жылыту, желдетудің (калориферлердің) жылу алмастырғыштарымен жылу пунктерін 1, 25 жұмыс қысымымен гидравликалық сынау.

    в) ішкі жылуды тұтыну жүйесінің жуып-шаюін (тәуелді сызбанұсқа бойынша іске қосылғандар кезінде).

    г) өндіруші-зауыттың ұсыныстарына сәйкес арағашықтықпен жылыту, желдету және ыстық сумен жабдықтаудың жылу алмастырғыштарын химиялық әдіспен шаю немесе жұмсақ щеткамен механикалық тазартылуын 4 жылда 1 реттен кем емес өткізу.

    д) жылу тұтыну жүйесінің (жылыту, желдету, ЫСЖ) беруші құбырларында дроссельдік құрылғылар орнату үшін ернемекті ағытпа жасалсын және есептеуіш дроссельдер (соплолар, тығырықтар) орнатылсын.

  5. Жылумен жабдықтаудың автоматтық реттеу жүйесіне сервистік қызмет көрсетуге арнайы ұйыммен шарт жасалсын Астана қаласының жылу маусымын дайындық жүргізу және өткізу Ережелерінің 2)тт. 8т. сәйкес.
  6. Құлыптары бар металл қалқандарды орнату арқылы электрондық ауа райлық реттеуіштерге (контроллерге) рұқсатсыз қол жеткізуден қорғау қамтамасыз етілуін ұсынамыз.
  7. Тұтынушының балансындағы жылу трассасында жылумен оқшаулаудың бұзылған учаскелері «Жылу желілері» ҚР ҚЕ 4.02-104-2013 нормаларына сәйкес қалпына келтірілсін.
  8. Жылу пунктеріне және жылу тұтыну жүйелеріне «Астана-Теплотранзит» АҚ өкілдерінің еркін қол жеткізуі қамтамасыз етілсін.
  9. Энергия үнемдеу іс-шаралар орындалсын (жылу контурын қалпына келтіру, оның ішінде терезе ойықтарына шыны салу, есік және терезе ойықтарының жылыту, кіретін есіктердің кері қайтару серіппесін орнату және т.б.).
  10. 2021 - 2022 жж. жылыту маусымына енгізілмейтін жылу тұтыну жүйелерін істен ажыратудың екі жақты актісі жылыту маусымының басталуына дейін Астана қаласының жылу маусымын дайындық жүргізу және өткізу Ережелерінің 4) тт.4т. сәйкес ресімделсін.
  11. Жылытудың ішкі жүйесі бойынша ескертулер:

    1) Жылу торабының үй-жайы қоқыс пен боқтықтан босатылуы керек және жылу торабына еркін қол жеткізуге мүмкіндік болу керек. Сапалы жарықтандыруды қондырылуы керек.

    2) Жылу торабының құбырларындағы және таратушы құбырларда тоттануға, коррозияға жол бермеу қажет.

    Керек болған жағдайда құбырларды ауыстыру қажет.

    3) Жылу түйінінің фланецті қосылыстарын болттармен толықтай жабдықтаңыз.

    4) Жылу торабында бөгде адамдардың болуына жол бермеу.

Posted in Жаңалықтар on Aug 13, 2021