«ОРМАН ПАРК» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІНДЕГІ ПӘТЕРЛЕР ОНЛАЙН АУКЦИОНҒА ШЫҒАРЫЛДЫ

«ОРМАН ПАРК» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІНДЕГІ ПӘТЕРЛЕР ОНЛАЙН АУКЦИОНҒА ШЫҒАРЫЛДЫ

«Astana» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында (www.gosreestr.kz) бағаны арттыру әдісімен электронды аукцион арқылы сатылатын пәтерлерге өтініштер қабылданып жатқанын хабарлайды. Барлығы 16 лот ұсынылған. Барлық пәтерлер Есіл ауданы, Е761 көшесі, №4/3 үй, «Орман Парк» тұрғын үй кешенінде орналасқан.

Бастапқы баға – 22 459 391 теңгеден басталады. Пәтерлердің ауданы – 80 шаршы метрден жоғары. Барлығы қара күйінде ұсынылады.

Аукционға қатысуға өтініштер 2025 жылғы 24 шілде, сағат 08:00-ге дейін қабылданады. Аукцион 2025 жылғы 24 шілдеде сағат 10:00-де өтеді.

Айта кетейік, бұл үшінші аукцион, онда сауда-саттық бағасын көтеру әдісі қолданылады. Активтер бастапқы жарнаны төлегеннен кейін қалған сомаға 5 жылға дейін бөліп төлеу шартымен іске асырылады және кейінге қалдырылған төлемдерге дисконттау әдісі (NPV) қолданылады. Бұл ретте бастапқы жарна мөлшері актив құнының кемінде 60%-ын құрауы тиіс. Жеңімпаз ретінде активтің ең жоғары жалпы құнын ұсынған қатысушы танылады.

Байланыс мәліметтері: «Astana» ӘКК» АҚ конкурсты өткізу және өтініш беру бойынша сұрақтар үшін. Телефон: 8 (7172) 55-25-05, 8-702-244-33-75. Мекенжай: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 9-үй, 2-қабат, 241-кабинет. Электрондық пошта: info@astana-spk.kz.

Posted in Жаңалықтар on Jul 09, 2025