ОНЛАЙН АУКЦИОНҒА ПӘТЕРЛЕР ШЫҒАРЫЛДЫ, ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ БЕРІП ҮЛГЕРІҢІЗ

ОНЛАЙН АУКЦИОНҒА ПӘТЕРЛЕР ШЫҒАРЫЛДЫ, ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ БЕРІП ҮЛГЕРІҢІЗ

Пәтерлерді сату бойынша өтінім қабылдау ашық. Пәтерлер электрондық аукционға бастапқы бағаны көтеру әдісімен мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында (www.gosreestr.kz) қойылған. Барлық пәтерлер Нұра ауданы, Күлтегін көшесі, 4-үй мекенжайы бойынша орналасқан. Пәтерлердің толық сипаттамасы мен бастапқы бағаларын осы жерден көруге болады.

Аукционға қатысуға өтінімдер 2025 жылғы 5 мамыр күні сағат 08:00-ден бастап, 2025 жылғы 23 мамыр сағат 08:00-ге дейін www.gosreestr веб-порталында қабылданады. Аукцион 2025 жылғы 23 мамырда сағат 10:00-де 100% төлем шартымен бағаны көтеру әдісімен өтеді.

АО «СПК «Astana» мекенжайы мен байланыс ақпараты: Телефон: 8 (7172) 55-25-05, 8-702-244-33-75 Мекенжай: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 9-үй, 2-қабат, 241-кабинет Электрондық пошта: info@astana-spk.kz

Posted in Жаңалықтар on May 06, 2025