Қолдау және ынтымақтастық: су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек

Қолдау және ынтымақтастық: су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек

Табиғи апаттар жағдайында біз ынтымақтастық пен қолдаудың ең маңызды сәттерін жиі көреміз. Жақында болған су тасқынына тап болған Қазақстан халқы соған күә. "Astana" ӘКК" АҚ қызметкерлері осы қиын кезеңдерде гуманитарлық көмек жіберіп, зардап шеккендерге қолдау білдірді.

Picsart_24-04-18_16-47-25-000.jpg

Су тасқыны - бұл тек инфрақұрылым үшін ғана емес, сонымен қатар үйлерін, мүлкін және кейбір жағдайларда тіпті жақын адамдарын Жоғалтатын адамдар үшін сынақ. Алайда, біреу зардап шеккенде, әрқашан қол ұшын беруге дайын адамдар болады.

IMG_20240418_122201.jpg

IMG_20240418_122559.jpg

IMG_20240418_121925.jpg

Су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға қолдан келгенше көмек көрсету мақсатында қызметкерлер ерікті негізде бір күндік жалақыны аудару есебінен гуманитарлық көмек қалыптастырды. Жиналған қаражатқа бүлінбейтін өнімдер, су, жалпы көлемі 5 тоннаға жуық қажетті заттар сатып алынды.

Гуманитарлық көмек Әзірет Сұлтан мешітінің жанындағы қабылдау пунктіне жіберілді.

Posted in Жаңалықтар on Apr 18, 2024