«Astana» ӘКК» АҚ Басқарма бекіткен «Astana» ӘКК» АҚ-ның меншігіндегі және сенімгерлік басқаруындағы коммуналдық мүлікті жалға беру қағидаларына сәйкес қойма үй-жайын жалға алу үшін өтініштер қабылданатынын хабарлайды.
Мекен жай:Астана қаласы Ақжол данғылы ,89-шы кенсе.
Ауданы: 3 173 шаршы метр.
Үй-жайдың жағдайы: күрделі жөндеуден өткізілген, таза әрі құрғақ қойма үй-жайы бакалея өнімдерін сақтауға өте қолайлы. Қоймада кеңсе бөлмелері қарастырылған. Нысан тәулік бойы күзетпен, бейнебақылау және өрт сөндіру жүйелерімен жабдықталған. Еурофураларға арналған 4 док-пандус пен механикалық қақпалар бар. Сондай-ақ негізгі магистральдық жолдарға шығу ыңғайлы.
Кепілдік жарна мөлшері және лоттың бастапқы бағасы: 8 884 400 тенге.
Жобаға қатысуға өтінімдер 2026 жылғы 21 қазан күні сағат 07:30-дан бастап 2026 жылғы 5 қараша күні сағат 17:00-ге дейін қабылданады. Өтінімдер құжаттардың сканерленген нұсқасы түрінде info@astana-spk.kz электрондық пошта мекенжайына жолдануы тиіс.
Ұсынылатын қойма үй-жайының нысаналы мақсаты – азық-түлік өнімдерін сақтау. Азық-түлік өнімдеріне жатпайтын өзге де тауарларды сақтауға жол берілмейді.
Қойма үй-жайын жалға беру мерзімі – 1 (бір) жыл, шартты кейіннен ұзарту мүмкіндігімен. Жалдау шартының жобасы осы хабарландырудың қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса беріледі.
Әлеуетті қатысушы «Astana» ӘКК» АҚ-на ілеспе хатпен бірге осы хабарландырудың қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған және бірінші басшы қол қойған өтінішті жолдайды. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (куәліктің) көшірмесі; жеке тұлға үшін – кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі, жеке куәлігінің көшірмесі; заңды тұлғаның бірінші басшысын тағайындау туралы бұйрықтың және оның жеке куәлігінің көшірмелері, сондай-ақ заңды тұлғаның жарғысының көшірмесі;
2) Өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (қажет болған жағдайда);
3) Әлеуетті қатысушының өз ағымдағы шотынан белгіленген кепілдік жарнаны аударғанын растайтын, банктің орындалғаны туралы белгісі бар төлем құжаты;
4) Ағымдағы шоттың бар екендігі туралы банктің анықтамасы.
Өтінімдер тек шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен қабылданады.
Кепілдік жарнаны аударуға арналған банктік деректемелер:
БСН: 101040011375 ЖСК: KZ318562203157638709 Бенефициар банкі: «Astana» ӘКК» АҚ БСК: KCJBKZKX БКК: 16 Банк: «Банк ЦентрКредит» АҚ
Хаттама:
Аукционға азық-түлік тауарларын (тамақ өнімдерін) сақтау және (немесе) өткізу саласында қызметін жүзеге асыратын әлеуетті қатысушылар ғана жіберіледі. Қойма үй-жайын азық-түлікке жатпайтын тауарларды сақтау үшін пайдалануға жол берілмейді.
Конкурс немесе аукцион өткізілетін күні, уақыты және орны туралы ақпарат өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап 1–3 жұмыс күнінен кешіктірілмей www.astana-spk.kz интернет-ресурсында жарияланады.
Қойма үй-жайын көру күн сайын сағат 10:00-де Астана қаласы, Ақжол көшесі, 89 мекенжайы бойынша жүзеге асырылады. Қойма үй-жайын көру мүмкіндігі осы хабарландыру www.astana-spk.kz интернет-ресурсында жарияланған күннен бастап өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін қамтамасыз етіледі.
Конкурсты өткізу және өтінімдерді беру мәселелері бойынша «Astana» ӘКК» АҚ-ға хабарласуға арналған байланыс деректері: телефондар: 8 (7172) 55-25-07, 8-700 777-71-52 мекенжайы: Астана қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік көшесі, 22А үй, 3-қабат. электрондық пошта: info@astana-spk.kz.
«Astana» ӘКК» АҚ-ның меншігіндегі және сенімгерлік басқаруындағы коммуналдық мүлікті мүліктік жалға (арендаға) беру қағидаларының қолданыстағы редакциясы www.astana-spk.kz интернет-ресурсында жарияланған.
Сауда-саттықтың нысанасы – ай сайынғы жалдау ақысының мөлшерін айқындау. Кепілдік жарна сомасы ай сайынғы жалдау ақысының есебіне жатқызылады.