«Қоғамдық тамақтану пункті бар туристік ақпараттық орталық» инвестициялық жобасын (бұдан әрі – жобаны) іске асыруға конкурс жарияланды. Жоба Астана қаласы, Есіл ауданы, 2/10 көшесі мекенжайында орналасқан, кадастрлық нөмірі 21-320-128-1708, ауданы 0,4931 га, жер пайдалану мерзімі 2031 жылғы 09 ақпанға дейін, нысаналы мақсаты – туристік ақпараттық орталықты салу және пайдалану үшін арналған, аяқталмаған құрылыс нысаны бар жер учаскесіне қатысты жарияланды. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі 2026 жылғы 12 қазаннан бастап 2026 жылғы 22 қазанды қоса алғанда. Әлеуетті инвесторларды іріктеу критерийлері және конкурс жеңімпазын анықтау тәртібін мына жерден табуға болады. Жобаны іске асырудың келесі негізгі шарттары белгіленді:
- Жобаны іске асыру нысаны – «SPK «Astana» АҚ мен конкурс жеңімпазы арасында бірлескен қызмет туралы шарт жасасу;
- инвестиция көлемі – кемінде 500 млн теңге;
- қаржыландыру көзі – инвестордың меншікті және/немесе тартылған қаражаты;
- инвестицияның мақсаты – жалпы ауданы кемінде 300 ш. м. болатын қоғамдық тамақтану пункті бар туристік ақпараттық орталықтың құрылысын аяқтау/салу;
- «SPK «Astana» АҚ Жобаны іске асыруға өзіне тиесілі аяқталмаған құрылыс нысанымен қатысады және Жобаны оның нысаналы мақсатына, Қазақстан Республикасының заңнамасына және бірлескен қызмет туралы шарттың талаптарына сәйкес іске асыру үшін жер учаскесін пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
- инвестор Жобаны меншікті және/немесе тартылған қаражат есебінен қаржыландыруды, қажетті құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауды, инженерлік желілерге қосуды, қажетті рұқсат беру құжаттамасын алуды және нысанды пайдалануға беруді қамтамасыз етеді;
- нысанды пайдалануға беру инвестордың меншікті және/немесе тартылған қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, пайдалануға берілген нысанға меншік құқығын бірлескен қызмет туралы шарттың талаптарына сәйкес «SPK «Astana» АҚ-на ресімдей отырып жүзеге асырылады;
- нысанға меншік құқығы және жер учаскесін жер пайдалану құқығы «SPK «Astana» АҚ-да сақталады. Бұл ретте бірлескен қызмет туралы шарт шеңберінде инвесторға нысанды жер учаскесімен бірге жалға алудың басым құқығы беріледі;
- Жобаны іске асыру мерзімі және бірлескен қызмет туралы шарттың қолданылу мерзімі Қоғаммен әлеуетті инвесторлардың ұсыныстарын қарау нәтижелері бойынша инвестиция көлемін, Жобаның экономикалық тиімділігін, салынған инвестициялардың өтелу мерзімін, болжамды табыстылығын және Жобаны іске асырудың өзге де ұсынылған шарттарын ескере отырып айқындалады;
- әлеуетті инвестор инвестициялық ұсыныс құрамында Жобаның бизнес-жоспарын және қаржылық моделін, Жобаны іске асыру мерзімін, салынған инвестициялардың өтелу мерзімін және бірлескен қызмет туралы шарттың ұсынылып отырған қолданылу мерзімін көрсете және негіздей отырып ұсынуға міндетті;
- Инвестор «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығы» ЖШС үшін ауданы кемінде 40 ш.м. болатын алаңды өтеусіз негізде ұсынуды және күтіп ұстауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ қамтамасыз етеді:
- саябақ аймағы жағынан ТАОО-ның үй-жайына жеке кіреберісті және ТАОО жұмысының уақытында келушілердің кіруіне шектеу қойылмауын;
- ТАОО-ны меншікті қаражат есебінен заманауи жиһазбен және жоғары технологиялық жабдықпен, оның ішінде жұмыс орындарын, қызмет көрсету бағанын және компьютерлік техниканы қоса алғанда жарақтандыруды;
- диджитал-аватарға (голограммаға) үздіксіз техникалық қолдау көрсетуді және бағдарламалық қамтамасыз етуді тұрақты жаңартып отыруды;
- ТАОО орналасқан радиуста келушілердің Интернет желісіне кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін жоғары жылдамдықты Wi-Fi жабыны бар еркін аймақтың болуын;
- Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, санитарлық және құрылыс нормаларына, оның ішінде әлеуметтік осал топтағы адамдарға қойылатын талаптарды қоса алғанда, сәйкес жабдықталған, нысанның жұмыс уақытында өтеусіз негізде келушілер үшін қолжетімді, жеке кіреберісі бар қоғамдық дәретхананың құрылысын және күтіп ұстауды;
- инвестор жыл сайын осы нысанның қызметінен тікелей алынған инвестордың таза пайдасының 9%-ын «SPK «Astana» АҚ-на аударуды қамтамасыз етеді;
- таза пайда мөлшерін айқындау үшін инвестор қоғамдық тамақтану пункті бар туристік ақпараттық орталықты пайдаланумен тікелей байланысты кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүргізуге міндетті. Таза пайданы айқындау, растайтын құжаттарды ұсыну, есептерді жүргізу және таза пайданың 9%-ын «SPK «Astana» АҚ пайдасына аудару тәртібі бірлескен қызмет туралы шартпен айқындалады;
- инвестор нысанды пайдаланумен және күтіп ұстаумен байланысты барлық шығыстарды, оның ішінде коммуналдық шығыстарды, техникалық қызмет көрсетуді, ағымдағы жөндеуді, абаттандыруды, салықтық және нысанды пайдаланумен байланысты өзге де міндетті төлемдерді өз мойнына алады;
- нысан нысаналы мақсатына сәйкес қоғамдық тамақтану пункті бар туристік инфрақұрылым нысаны ретінде ғана пайдаланылады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда төменде көрсетілген ұялы байланыс номеріне хабарласуға болады: 8 (7172) 23-53-35.